ШЫМКЕНТ: ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ ӨНДІРІСТІК КЕСТЕГЕ САЙ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

55
0
Бүгінде Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысында салынып жатқан үш деңгейлі жолайрық құрылысының 55 пайызы атқарылды. Төменгі деңгейде Арғынбеков көшесі, жоғарғы деңгейде Бәйдібек би даңғылы, ортаңғы деңгейде оң жақ бұрылыстар мен сақиналы жол орналасатын болады. Негізгі көпір өткелдерінің темірбетонды конструкциясы жақын күндері толық орнатылады.
Жобаға сәйкес Бәйдібек би даңғылы бойынан 700 метр, Арғынбеков көшесі бойынан 921 метр аралық құрылыс аумағына енгізілген. Жыл соңына дейін Бәйдібек би-Арғынбеков қиылысындағы жолайрық құрылысын толық аяқтау жоспарлануда. 40-қа жуық техника жұмылдырылған құрылыс аумағында 200-ге жуық адам 2 ауысыммен жұмыс істеуде. Жолайрық магистралының ені 80 метрден 4-6 жолақты құрайды. Жобаға сәйкес, жолайрық үш деңгейлі. Төменгі деңгейде Арғынбеков көшесі, жоғарғы деңгейде Бәйдібек би даңғылы, ортаңғы деңгейде оң жақ бұрылыстар мен сақиналы жол орналасатын болады. Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысындағы көлік жолайрығының құрылысы былтыр басталды. Нысан 2023 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілмек. Жолайрық құрылысы аталған көшелердегі көлік өткізгіштік қабілетін арттырады. Мысалы, 2016 жылы жасалынған өлшеулерге сәйкес, аталған қиылыстағы Бәйдібек би даңғылы арқылы қозғалу жиілігі тәулігіне 24,3 мың авто, 2019 жылы 33,4 мың автокөлікке көбейген. Арғынбеков көшесінде тәулігіне 22,6 мың авто, 2019 жылы 31,9 мыңға артқан. Жолайрық құрылысын пайдалануға берген жағдайда екі есеге дейін, яғни Бәйдібек би даңғылы арқылы қозғалыс жиілігі 60 мың авто/тәулікке, Арғынбеков көшесі арқылы 55,6 мың авто/тәулікке көбеймек. Жоба толық аяқталса, көшедегі қалың кептелістің мәселесі біршама шешімін табады. Жалпы Шымкент қаласында көлік қозғалысын реттеу бойынша ауқымды бастамалар қолға алынып, жүзеге асырылып келе жатыр. Мұның өзі қаладағы көлік ағынын азайтуға айрықша ықпал етпек. Күні бүгінге дейін бірнеше көше кеңейтілді.