ТҰРҒЫН ҮЙ САПАСЫН АРТТЫРУ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

49
0
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов тұрғын үй құрылысының сапасын арттыру мақсатында арнайы жиын өткізді. Құрылыс, энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармалары мен мердігерлердің қатысуымен өткен басқосуда қала аумағындағы құрылыс жұмыстарының барысы талқыланды.
Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға ең алдымен сапаны жақсартып, жұмыстарды өндірістік кестеге сай аяқтауды тапсырды. Бұл ретте мердігерлердің жауапкершілігін арттыру қажеттігіне тоқталды. Сондай-ақ қала әкімі мердігерлерге қолданысқа берілген тұрғын үйлердің ақауларын тез арада қалпына келтіру қажеттігін жеткізді. Басқарма басшыларына әрбір нысанды қабылдауда тиісті талаптардың сақталғанын қатаң қадағалап, сапассыздыққа жол бермеу қажеттігін ескертті. Айта кету керек,  қала аумағында 2021-2025 жылдар аралығында 5 млн. 318 мыңға жуық ш.м. тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Жоспар бойынша, 2021 жылы 1 млн. ш.м., 2022 жылы 1 млн. 60 мың ш.м. тұрғын үй тапсырылған. 2023 жылы 1 млн. 73 мың ш.м., ал 2024 жылы 1 млн. 86 мың ш.м., 2025 жылы 1 млн. 99 мың ш.м. тұрғын үйді қабылдау көзделуде. Берілетін тұрғын үйлердің басым бөлігі аумақтардының егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына сәйкес, қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан Шым Сити, Тұран, Әкімшілік іскерлік орталығы, Бозарық шағын аудандарында орналасатын көпқабатты тұрғын үйлер есебінен жоспарлануда. Өткен жылы 1 миллион 60 мың шаршы метрдің  152,5 мың шаршы метрі мемлекеттің қаржыландыруымен салынса, 467,5 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысын инвесторлар қаржыландырған. Сондай-ақ, 440 мың шаршы метр тұрғын үйді жеке азаматтар салып жатыр. Мемлекет басшысы Шымкентке жасаған сапары кезінде құрылыс саласына айрықша назар аударып, пайдалануға берілетін тұрғын үйлердің санын арттыруды тапсырған болатын. Бұл тұрғыдан келгенде, шаһардың көрсеткіштері жаман емес. Нақтырағы, құрылыс жұмыстарының көлемі 131,4 млрд теңгені немесе 139,7 пайызды құрап отыр.