КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ФРОНТ-ОФИС ӘКІМШІЛІК КЕДЕРГІЛЕРДІ ЖОЮДА
«Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» фронт-офисі «бір терезе» қағидаты әдісімен кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетеді, — деп хабарлайды uakit.kz желілік басылымы.
Орталық 3 бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Мамандар бизнес өкілдеріне кеңес беріп, жобаларды сүйемелдейді, маркетингтік зерттеулер мен талдаулар жүргізеді. 2020 жылы іске қосылған Фронт-офисте 12 282 консультация, 1 217 жобаларды сүйемелдеу, 539 маркетингтік қызмет, 14 аналитикалық зерттеу қызметтері көрсетілді. Мұның өзі кәсібін жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлерге ауқымды қолдау болуда. Фронт-офис жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма), сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.
Айта кету керек, «Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» фронт-офисі кәсіпкерлерге бір көзден орталықтандырылған мемлекеттік және сервистік қызметтерді жедел алуға көмектеседі. Мұнда жобаларды сүйемелдеу, жеңілдетілген 1% несие беру, «1000 сауда орны» бағдарламасы бойынша жер учаскелерін алу және қаржы секторы, тауарды жылжыту, инвестиция, цифрлық, құқықтық, компетенция және мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Осылайша, кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін бірыңғай хаб құрылады. Сонымен қатар, мұнда бастауыш кәсіпкерлерге «Бизнес-мектеп», «Бастау-бизнес» оқыту бағдарламалары бойынша кәсіпкерліктің негізі оқытылады. Мұнда мемлекеттік бағдарламалар аясында нишалық жобаларды іске асыру қолға алынып жатыр. Қазіргі таңда, кәсіпорындармен осы нишалық жобалардың тізімін жасақтау жүргізілуде. Бүгінде 80-нен астам нишалық жобалар жасақталды. Осының аясында импорт алмастыруды қамтамасыз етіп, 400 адамды жаңа жұмыс орнымен қамтып, 100 жаңа тауардың түрін және жаңа 30 кәсіпорын ашу көзделуде.
Кеңсе мекенжайы: Ерімбетов көшесі, 304Г, «Заңғар» бизнес орталығы.