ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

69
0

Қазір Шымкент қаласында Ташкент-Алматы бағытында қаланы айналып өтетін негізгі магистралды А-2 автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары атқарылуда. Аталған жол 31 шақырымды құрайды және 8 кезең бойынша құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінде 1-ші және 3-ші кезеңінің құрылыс жұмыстары, сондай-ақ бұл кезеңдерге қатысты Бадам өзенінен өтетін көпірдің құрылысы аяқталды. Биылғы жылы 2-ші және 4-ші кезеңді толығымен аяқтау жоспарланып отыр.

Айта кетсек, одан бөлек 16 шақырымды құрайтын «Оңтүстік айналма жолының» құрылысы жүргізілуде. Аталған нысан  Шымкент қаласы аумағымен қатынайтын транзиттік және басқа да автокөліктердің айналма жолмен қатынап, қала аумағындағы көлік кептелісін сейілтуге және көлік қозғалысының қауіпсіздігіне септігін тигізеді. Оған қоса, жол бойында орналасқан елді мекендерде шағын кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді деп күтілуде. Сондай-ақ, Бәйдібек би даңғылы-Арғынбеков көшелерінің қиылысында 3 деңгейлі жолайрықтың құрылысы қарқынды іске асырылуда. 15 мамыр күні халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында Арғынбеков көшесі ашылды. Жолайрық құрылысын толық аяқтап, пайдалануға беру биылғы жылдың соңына жоспарланған. Келесі кезекте Бәйдібек би–Арғынбеков көше қиылысындағы жолайрық құрылысының 2-ші кезегі іске асырылады. Сонымен қатар қаладағы Шығыс айналма, Өтегенов, Адырбеков көшелері, Темірлан тас жолының бойында жолаушылар өткелін салу жұмыстары атқарылап жатыр. Осы ретте, Жібек жолы – Сайрам көшелерінің қиылысында, Бәйдібек би – Төлеметов көшелерінің қиылысында, А-2 автомобиль жолы мен Бәйдібек би даңғылының қиылысында жолайрық салу жоспарлануда. Жоғарыда аталған жобалар іске асырылған жағдайда Ташкент, Түркістан және Алматы бағыттарына шығатын жолдар желісі құрылыс жұмыстарымен қамтылып, заманауи талаптарға сәйкес көлік ағынын өткізу қабілеті жоғары болады.