ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ

67
0
Қала аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ауыл шаруашылығы жануарларының энзоотиялық ауруларының алдын алу, жануарларды, үй-жайлар және өзге де аумақтарды жәндіктерден қорғау мақсатында залалсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр.
Қазіргі таңда 589 150 шақырым саябақ, 142 670 шақырым гүлзар мен аллея, 430 000 шақырым өзен-каналдың аумақтары масаға қарсы залалсыздандырылды. Сонымен қатар, мамандар 136 800 шақырым өзен-канал аумағы кеміргіштерге қарсы, 434 536 шақырым қоражай мен оларға жапсарлас аумақтарды кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Шымкент қаласының «Ветеринариялық қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бұл жұмыстарға 6 автокөлік (бүркуіш аппараттарымен), 6 бригада жұмылдырды. Атап айтқанда, биыл кеміргіштерге қарсы жылдың көктем және күз мезгілдерінде 37 өзен-канал, 11 саябақ, 38 гүлзар мен аллеяларды дезинсекциялау жоспарда тұр. Кеміргіштерге қарсы – 1 609 740 шақырым өзен жағалаулары, суару каналдары және 16 752 шақырым қоқыс тастайтын контейнерлер мен жәшіктердің аумақтары; Масаларға қарсы – 1 355 200 шақырым өзен-канал, 2 481 650 шақырым саябақ, 855 064 шақырым гүлзар мен аллея аумақтары;
Кенелерге қарсы энзоотиялық іс-шаралар бойынша – 1 950 000 шақырым қора-жайлар мен жапсарлас аумақтар, 2 046 714 шақырым саябақ мен гүлзарлар, 375 750 шақырым ауыл шаруашылығы жануарлары шоғырланатын орындар, суаттар, жайылымдар мен мал иірімдері және қолайсыз аймақтар залалсызданрылса, 95 299 бас ірі қара малдарды бүрку және 88 030 бас уақ малдарды тоғыту жоспарланып отыр.
Айта кетейік, бұған дейін Шымкент қаласы аумағындағы ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, конго қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу, адамды, жануарларды, үй-жайларды және өзге де аумақтарды жәндіктер мен басқа да буынаяқтылардан қорғау және жою бойынша бірқатар іс-шаралар тізбегі жоспарланғанын жазған едік. Ол бойынша кеміргіштерге қарсы жылдың көктем және күз мезгілдерінде дератизациялық іс-шаралар жүргізілетін болады. Атап айтқанда, зиянкес масаларға қарсы қала аумағындағы 37 өзен-каналдар, 11 саябақтар, 38 гүлзарлар мен аллеяларды дезинсекциялау және кенеге қарсы энзоотиялық залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Кеміргіштерге қарсы 1 609 740 ш.м – өзен жағалаулар, суару каналдары және 16 752 ш.м – қоқыс тастайтын контейнерлер мен жәшіктердің аумақтары залалсыздандырылса, масаларға қарсы 1 355 200 ш.м өзен-каналдар, 2 481 650 ш.м саябақтар, 855 064 ш.м гүлзарлар мен аллеялар аумақтары дезинсекцияланады.