ШЫМКЕНТТЕ ҚЫТАЙ ИНВЕСТОРЛАРЫНЫҢ 4 ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

77
0

Бүгінде әлем экономикасы тұралап тұр. Геосаяси оқиғалардың ушығуымен санкциялар салынып, логистикалық тізбек бұзылды. Осындай күрделі кезеңде ел экономикасын дамытудың бірден-бір жолы – инвестиция тарту. Бұл жөнінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та жиі айтып келеді. Инвесторларға қолайлы жағдай жасау керегі турасында соңғы Жолдауында да тілге тиек етті. Осы орайда, ед Президентінің тапсырмасын іске асыру мақсатында еліміздің бірқатар өңірлерінде қыруар іс атқарылып келеді.

Жалпы инвестиция елдің экономикалық өсу қарқынын анықтай отырып, әлеуметтік-экономикалық салаларға, түптеп келгенде халықтың әл-ауқатының артып, тұрмысының көтерілуіне оң әсер етеді. Қазіргі таңда инвестицияның артуымен Шымкентте құрылыс, фармацевтика, ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, тамақ индустриясы, туризм және басқа да салалар қарқынды дамып келеді. Еліміз көршілес мемлекеттермен тығыз ынтымақтастық орнатып, сауда-саттық, қауіпсіздік және басқа да өзекті мәселелер бойынша оңтайлы саясат жүргізуде. Осы орайда, елімізбен іргелес жатқан Қытай мемлекетімен арадағы байланыстың маңызды екені анық көрінеді. Өйткені әлемдік экономикадағы жетекші орынға ие бұл елмен орнатылған қарым-қатынас ерекше мәнге ие. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Шымкент еліміздің кәсіпкерлік және индустриалды орталығына айналып үлгерді. Қаламыз отандық, шетелдік бизнес өкілдерінің қызығушылығын арттыруда. Шымкент аумағында Қытай инвесторларының қатысуымен 1,36 млрд АҚШ долларын құрайтын 4 жоба жүзеге асырырылуда. Олардың ішіндегі ауқымдысы — Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасы. Бұл жобаның құны 1,3 млрд АҚШ долларын құрайды. 2018 жылы пайдалануға берілген зауытта 380 адам адам жұмыс істеп жатыр. Ал бекіткіш бұйымдар өндірісімен айналысатын «Шымкент крепеж» жобасының құны 3 млн АҚШ долларын құрайды. 2018 жылы іске қосылған зауытта қазір 40 адам жұмыс істейді.