КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ САЛАСЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСАТЫН ЖҰМЫС КӨП

80
0
Көлік инфрақұрылымы саласында қаладағы жолдардың сапасына және кептелістерге байланысты көптеген сындар айтылды. Аталған салаға ауқымды қаражат қажет етуіне байланысты, ірі жобалар кейінгі жылдарға шегеріліп келді.
Бірінші кезекте, халыққа қажетті ауыз су, электр, табиғи газ мәселесін біршама шешімін тапты. Ендігі кезекте көлік инфрақұрылымын дамытуға көп көңіл бөлінуде. Қазіргі таңда, көлік инфрақұрылымын дамытуға бөлінетін қаражаттың көлемін биыл 38,0 млрд теңгеге жеткізілді.2018 жылмен салыстырғанда 5 есеге ұлғайтылды. Жалпы, соңғы 5 жылда ұзындығы 900 шақырымнан астам асфальтталған жол салынып, қаланың орталық бөлігіндегі ірі жол айрық пайдалануға берілді. Биылғы жылы, қалаға кіреберістегі басты магистралды жолдағы жол айрықтың құрылысы, қаланың Солтүстігі мен Оңтүстігін байланыстыратын магистралды жолдың, қаланың транзиттік әлеуетін арттыратын айналма жолдарды пайдалануға беру жоспарлануда (Бәйдібек би-Арғынбеков жол айрығын, Оңтүстік және Шығыс айналма жолдарын, Қонаев даңғылының 3-ші кезеңін, А-2 автомобиль жолының 2-ші кезеңін, Өтегенов көшесінің жалғасын, Темірлан тас жолы және А-2 автомобиль жолындағы үш жаяу жүргіншілер өткелдерін (Алаш, Бекжан базары маңы) пайдалануға беру). Нәтижесінде, жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесі 54 пайыздан 71 пайызға артатын болады. Жолаушылар тасымалының деңгейін арттыру мақсатында да, қаладағы автобустар паркін соңғы 5 жылда 35 пайыздан 90 пайызға дейін жаңартып, шалғайда орналасқан елді мекендерді толығымен автобуспен қамтылды. Сонымен қатар, жеке инвестор есебінен құрылысы жүргізіліп жатқан жаңа әуежай терминалын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ, темір жол вокзалы сенімгерлік басқаруға беріліп, жеке инвестор есебінен толығымен қайта жаңартылатын болады. Атқарылып жатқан құрылыстар бітсе, әуежайдың жолаушыларды өткізу қабілеті сағатына 200 адамнан 2 000 адамға, темір жол вокзалы тәулігіне 2 000 адамнан 6 000 адамға дейін артады.
Нәтжесінде, жол бойындағы қозғалысты жандандыру арқылы мегаполист тұрғындарының тұрмысы мен өмір сапасы да жақсаратын болады.