КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУДЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

61
0

Бүгінде жастар арасында белең алған түрлі мәселелер бар. Жат пиғыл, теріс идеологияны насихаттау ісі өскелең ұрпақты тура жолдан тайдырып, сан түрлі ағымдарға кіруіне сеп болуда. Қала берді, жастар арасындағы қылмыс та өршіп тұр. Ал бұл мәселелермен күрес – мемлекеттің ғана емес барлық қоғамдық бірлестіктер мен азаматтардың желкесіне жүктелген жауапкершілік.

Осы орайда, Қазақстан халқы ассамблеясы аталған мәселемен күреске өлшеусіз үлес қосып келе жатыр. Мәселен, жуырда Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен, Қазақстан өзбектерінің «Дустлик» қауымдастығы мен М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің ұйымдастыруымен «Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХXІI сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алға қойған міндеттер аясында оқушы және студент-жастарды тәрбиелеудің өзекті мәселелері мен шешімдері: ғылыми қауымдастықтың рөлі» тақырыбында  ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді. Іс-шараның мақсаты —  Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХXІI сессиясында алға қойылған міндеттер аясында оқушылар мен студент жастарды тәрбиелеудің өзекті мәселелерін ғылыми тұрғыда талқылау. Кездесуге ғалымдар, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары, жалпы орта білім беру ұйымдарының қызметкерлері, сарапшылар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Жиынды М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың «Жалпы педагогика және музыкалық білім» кафедрасының профессоры Н.Алметов ашып, жүргізді. Басқосуда «Дустлик» Қазақстан Республикасы өзбектері этномәдени қоғамдық бірлестіктері қауымдастығының төрағасы И.Хашимжанов, Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Е.Байқонақов,  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Тарих және этнология» орталығының басшысы Ш.Торғауытовалар сөз сөйлеп, тақырып аясындағы өз ойларын ортаға салды.