ШЫМКЕНТТЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДА БІРҚАТАР ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА

59
0
Шымкентте биыл 18 инженерлік инфрақұрылым нысанының құрылысын жүргізу жоспарланған.
Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығының алаңында Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы баспасөз брифингте айтып өтті. 2023 жылы қала аумағында 18 инженерлік инфрақұрылым нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған. 2022 жылдан өтпелі 12 нысан, 2023 жылғы жаңа 6 нысан. Жыл қорытындысымен аталған 18 нысанның 13-і тапсырылады. «Әкімшілік-іскерлік орталығы — төрт нысан 8 мыңға жуық тұрғынды қамту, Тұран шағын ауданында — төрт нысан 20 мыңға жуық тұрғынды қамту, Бозарық шағын ауданында — бес нысан 16 мыңға жуық тұрғынды инженерлік инфрақұрылыммен қамту жоспарда. Ал қалған 5 нысан (Бозарық ш/а – 4 нысан, Ақжайық ш/а – 1 нысан) 2024 жылға өтпелі», — деді басқарма басшысы. Сонымен қатар Шымкентте қазіргі таңда Әкімшілік іскерлік орталығындағы Оқушылар сарайы, 300 орындық №45 мектеп және 150 орындық Өнер мектебі тапсырылды. Ал жыл соңына дейін құрылысы жүріп жатқан 1 100 орындық №8 мектеп, 600 орындық №65 мектеп және 300 орындық №10 колледж жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Бұдан өзге, мәдениет саласында 1 нысан құрылысы аяқталып, пайдалануға берілетін болады. Ол Шымкент сити шағын ауданындағы Конгресс-холлдың құрылысы. Биылғы жылы құрылысы біткелі тұрған құрылыс нысандарының жұмысы Шымкент қаласы әкімдігінің жіті бақылауында. Жалпы Шымкентте соңғы жылдарда мемлекеттік бағдарлама есебінен көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы да Шымкент қаласының бас құрылысшысы, құрылыс басқармасының басшысы Мадияр Сансызбайұлы айтып өтті. Өз сөзінде «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында 2023 жылы құрылыс басқармасы тарапынан мемлекеттік бюджет 312,4 мың шаршы метрді құрайтын 4 090 пәтерлі 98 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған. Осы ретте биыл 67 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып жыл соңына дейін ел игілігіне пайдалануға беріледі. Оның 61-і кредиттік, 6-ы арендалық», — деді спикер. Соғылып жатқан тұрғын үйлердің құрылысы бойынша Тұран ықшам ауданында 18 үй, Бозарық мөлтек ауданында 54 үй, Ақжайық мөлтек ауданында 26 үй. Бұдан бөлек, жыл қорытындысымен жұмыс жасайтын жастарға 900 пәтерді және халықтың әлеумкеттік осал топтарына 505 пәтерді нарықтан сатып алу жоспарда бар. Демек, бұл жастарға берілетін пәтерлер жеке құрылыс компанияларынан алынады.