ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ “SHYMKENT FEST” ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛДЫ
Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Шымкент қаласында алғаш рет «Shymkent fest» жобасында жастар арасында көше спорт түрлерінен, мәдениет-өнерден семинар, мастер-кластар мен байқаулардың салтанатты ашылуы өтті.
«Shymkent fest» жобасы — жаз мезгілінде қала жастарының бос уақыт тиімді ұйымдастыруға бағытталған, көше спорт түрлерін жастар арасында кеңінен дәріптеу және салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Аталмыш жобаны ашып беру үшін Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Кәрімұлы қатысып, барлық қала жастарын фестивальға қатысып, спортпен шұғылдануға шақырды. 2 айға созылатын фестиваль аптаның соңғы күндері түрлі бағытта өтеді. Тарқата айтқанда, үстел теннисі, экстремалды спорт түрінен арнайы шоу, суретші жастар мен жасөспірімдер арасында заманауи сурет салу, ашық аспан астында кинокөрсетілім, көркемсөз оқу шеберлерінің поэзия кеші секілді түрлі кештер өтетін болады. Ал, 25 тамыз күні «Арбат» демалыс аймағында балмұздақ фест, арнайы гала концерт, барлық жоба қатысушылары арасында көрсетілімдер, ұлттық қолөнер көрмесі мен аукцион ұйымдастырылып, «Shymkent fest» жобасының салтанатты жабылуы өтеді. Жалпы Шымкентте бұқаралық спортты дамыту мақсатында бірше жобалар іске асырылып келеді. Әсіресе, осыдан 3 жыл бұрын республикада алғаш болып «Шымкент жастар лигасы» атты бірігей жобаны бастаған болатын. Жыл сайын оқушылардың қызығушылығы артып, лига ауқымы артуда. Биыл 151 мектептен 500-ден астам командалар жасақталып, 6 мыңға жуық оқушы қатысты. Қаламызда спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында биыл «Үстел теннисі спорт кешені» және «Жаңа ипподром» құрылысы (демеуші есебінен), «Металлург» стадионын реконструкциялау жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың соңына дейін бюджет есебінен ауысымына 250 баланы қабылдайтын 2 спорт ғимараты және жеке кәсіпкер есебінен «SPORT LIFE» футбол орталығының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілетін болады.