«БОЗАРЫҚ» ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

75
0
Шымкент қаласы «Қайнарбұлақ» тұрғын алабы маңында «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриялық аймағын құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі уақытта 132,9 гектарды алып жатқан индустриялық аймақта инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Аталған индустриялық аймақты жыл соңына дейін іске қосу жоспарлануда.
Индустриялық аймақта тамақ өнеркәсібімен айналысатын жалпы құны 73,9 млрд теңгені құрайтын, 1000-нан астам жұмыс орнын қамтитын 30 жоба жасақталған. Атап айтсақ, оның ішінде жалпы құны 25,7 млрд теңгені құрайтын, 560 жаңа жұмыс орнын қамтитын инвестициялық жобаларының құрылыс жұмыстары бастау алды. Атап айтқанда, олар: азық-түлік, косметикалық май және жеміс-жидек тағамдарының өндірісі, инвестиция көлемі — 456 млн. теңге, жұмыс орны — 25 адамды қамтиды. Сүт өнімдерін өндіру, инвестиция көлемі – 15 млрд теңге, жұмыс орны — 100 адам. Газдалған және газдалмаған сусындар өндірісі, инвестиция көлемі – 7,2 млрд теңге, жұмыс орны — 300 адам. Кондитерлік және жартылай фабрикаттар өндірісі, инвестиция көлемі – 1,1 млрд теңге, жұмыс орны — 35 адам. Газдалған және газдалмаған сусындар өндірісі, 2 млрд тенге, жұмыс орны — 100 адам. Айта кету керек, Шымкент қаласы инвестиция тарту бойынша өңірлер арасында көшбасшы саналады. Сәйкесінше, үшінші мегаполистер инвесторларға жайлы орта қалыптастыру мақсатында қыруар іс қолға алынған. Қала аумағынан индустриалды аймақтар бойы көтеруде. Соның бірі ретінде Абай ауданынан «Стандарт» индустриалды аймағын ашу бастамасын айтуға болады. Бастама мемлекет басшысының 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейту бойынша берген тапсырмасына орай жүзеге асуда. Бұл туралы қала басшысы Мұрат Әйтенов өзінің кезекті есептік жиынында айтып өтті. Бұл туралы қала әкімі «Қазірдің өзінде Абай ауданында ірі және орта кәсіпорындар саны 33-ке жетті. Бизнес объектілерінің артуы – қаланың экономикасы мен жалпы қаржылық дамуына оң ықпал етпек. Индустриалды аймаққа 30 млрд теңгеден астам инвестиция тартуды жоспарланған. Осы арқылы жұмыссыз жүрген 3 мыңға жуық азаматты жұмыспен қамтитын мүмкіндік туады» деп атап өтті. Жалпы Абай ауданының бюджеті 5 жыл бұрын 22,6 млрд теңге болса, биыл бұл көрсеткіш 5 есеге артып, 110,8 млрд теңгені құрады. Қаржының басым бөлігі денсаулық, білім салалары мен әлеуметтік көмекке жұмсалған. Ауыз су, газ, жарықпен қамту, жол салу жұмыстары да күн тәртібінен түскен емес