БИЫЛ 57 МЫҢНАН АСА АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСАДЫ

47
0
Халықтың әл-ауқатын жақсартуда жұмыспен қамту аса маңызды мәселе. Биыл бұл тұрғыда 57 181 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып отыр. Оның ішінде, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, нақты 22 489 адам қатысты немесе жоспар 67,1% орындалды.
Кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде кәсіби білім беру, кәсіпкерлікті дамыту, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқыту, Субсидияланатын жұмыс орындарымен қамту кіреді. Субсидияланатын жұмыс орындары бойынша биыл6 065 адамға жұмыспен қамту шараларын көрсету жоспарланған. Қазіргі таңда нақты – 5 780 адам қамтылды. Сондай-ақ, Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары бойынша 2023 жылға 23 420 жұмыс орыны құрылатыны жоспарлануда. Оның ішінде ұлттық жобалар бойынша 2 377 жұмыс орыны, жеке бастамамен 21 043 құрылатын жұмыс орындары.2023 жылдың 1 шілдесіне 12 480 орын ашылған оның 12 203 – тұрақты жұмыс орындары, 277 – уақытша жұмыс орындары. 2023 жылы Шымкентте 261 азаматқа жастарға арналған жеңілдетілген несие беру жоспарланған. Сенімді өкіл ретінде «Агронесие корпорациясы» АҚ белгіленіп, 2023 жылдың 17 наурызында Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы және «Агронесие корпорациясы» АҚ арасында тапсырма шарты түзілген. Негізінен жеңілдетілген несиені жаңадан кәсіп ашқысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтар ала алады. Бүгінгі таңда 278 құжат қаралып, 129 адам оң қорытындысын алған. Оның ішінде 52 азаматқа шағын несие беріліп, басым көпшілігі өз кәсіптерін бастап кетті. Халықтың әл-ауқатын жақсартуда мемлекеттік қайтарымсыз гранттың да үлесі орасан.Соңғы үш жылда атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатары азайып, керісінше жұмыспен қамтылғандар мен өз кәсібін дөңгелеткен шымкенттіктердің қатары артуда. Биыл Шымкентте әлеуметтік осал топты азаматтарға арналған грантты жалпы саны 447 адамға беру жоспарланған. Жыл басынан бері өткізілген бірінші және екінші лектің өзінде 6000-ға жуық азаматтан өтінім түсіп, 227-не оң шешім қабылданған. Қайтарымсыз қаражат үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі тәуелсіз комиссиялардың шешімі негізінде беріледі. Комиссия құрамына қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері, кәсіпкерлер мен қоғамдықтық бірлестіктердің өкілдері кіреді.