ҚАЙНАРБҰЛАҚ ЕЛДІ МЕКЕНІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ БИЫЛ ТАЗА АУЫЗСУҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗЕДІ

68
0
Шымкент қалалық Қаратау ауданына қарасты Қайнарбұлақ елдімекенінде 60 мыңнан аса халық қоныстанған. Қазір аталған елдімекенде бірнеше инфрақұрылым жүйесі қатарынан тартылуда. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Қайнарбұлақтағы осы инженерлік-инфрақұрылымдық жұмыстардың жай-күйін білу мақсатында нысандарды тексерді.
Қазіргі уақытта аталған елдімекенде ауыз су кесте бойынша беріледі. Мұндағы тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жалпы ұзындығы 329 шақырымды құрайтын ауыз су жүйелері жүргізілуде. Мердігер мекеме тарапынан бүгінгі күнге дейін 310 шақырым құбыр тартылып жұмыстың 80%-ы орындалған. Нысанда қазіргі таңда қазба жұмыстары жүруде. Жалпы жоба бойынша нысан құрылысын 2023 жылдың соңына дейін толық аяқтау жоспарланған. Қала әкімі тиісті мамандарға мердігер мекемелерге жұмысты сапалы, әрі жылдам орындауды тапсырды. Айта кету керек, Шымкентте 81 елді мекеннің 78-і сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда кесте бойынша ауыз сумен тұтынып отырған Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елді мекендерінде құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұдан бөлек, қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 6 нысанда су құбырларын тарту жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр. Олар — Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс аумағы. Ал Құрсай елді мекенінде ұзындығы 336,5 шақырым су құбырының 95%-ы тартылған. Биылғы маусым айында қолданысқа берілетін нысан шағынаудандағы 22 мыңнан астам абонентті сапалы тіршілік нәрімен қамтуға мүмкіндік береді. Қайнарбұлақ елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жалпы ұзындығы 329,8 шақырымды құрайтын ауыз су жүйелері жүргізіледі. Құрылысты «Мелиоратор» ЖШС жүргізіп жатыр. Бүгінге дейін 170 шақырым құбыр тартылып жұмыстың шамамен 55 пайызы орындалды. Мердігер мекеме жыл соңына дейін жұмыстар толық аяқталады. Еңбекші ауданы бойынша Қаратөбе, Қарабастау, Абдулабад, Тоғыс, Жұлдыз, Бадам-1, Жыланбұзған, Айнатас, Базарқақпа тұрғын үй массивтерінде алдағы уақытта ауыз су құбырларына байланысты тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. Соның ішінде Қарабастау елді мекенінде бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. 2022 жылы аталған жобаны іске асыру мақсатында «Сарыағаш-Аман» ЖШС-мен келісім шарт жасалған.