ӘЙЕЛДЕРДІҢ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ ЖОҒАРЫ

61
0
Бүгіндері шымкенттік нәзік жандылар ерлермен қатарласып, еліміздің саяси, экономикалық және қоғамдық өміріне белсене араласып жүр. Сонымен қатар, әйелдер өмірлік маңызды салаларда еңбек етеді, бірқатары түрлі кәсіптің тұтқасын ұстаған.
Осыған орай, 28 шілде күні Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсыры бойынша Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциациясы «БАҚЫТТЫ АНА – БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» атты кездесу ұйымдастырды. Қаладағы №6 емханада өткен қоғамдағы әйелдердің рөлін арттыруға бағытталған жиында Самал 3 шағын ауданының нәзік жандылары мен медицина қызметкерлері қатысты.⁣⁣ Іс-шараның мақсаты – әйелдердің жағдайын, олардың құқықтары мен мансаптық өсу, кәсіби дайындық мүмкіндіктерін нығайту, сондай-ақ, отбасы мен жұмыс арасындағы үйлесімді тепе-теңдікті сақтау. «Қазақстан әйелдерінің Республикалық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің филиалы- Шымкент қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы Баян Айтбековна Жандосова өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Еркін форматта өткен кездесуде әйелдер көптеген қызық әрі жаңа ақпараттар алып, танымдық іс-шара өткізілгеніне өз алғыстарын айтты. Жалпы гендерлік саясат са­ласындағы ең негізгі заңна­малық акт «Ерлер мен әйелдердің тең құ­қықтарының және тең мүм­­кін­діктерінің мемлекеттік ке­піл­діктері туралы заң» деп ата­лады. 2009 жылдың 8 желтоқ­санында қабылданған заңда ерлер мен әйелдер арасындағы қатынас­тардың өмірдің барлық саласында көрініс табатын әлеу­меттік қы­рын, жынысына қара­мастан тең мүмкіндік пен құ­қыққа ие болып, қоғамның қай саласына болсын еркін қаты­насуы көзделеді. Бү­гінде аталған мақсаттардың бір­тіндеп орын­далып келе жат­қанына бар­шамыз куәміз. Әлбетте, Батыс елдеріндегідей деңгейге қол жете қоймады. Әйтсе де, ілгерілеуді байқамау мүмкін емес.