ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНЕ ҚАТЫСТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР МЕН МӘЛІМЕТТЕР АШЫҚ ЖАРИЯЛАНАДЫ

69
0
Шымкент қаласы бойынша биылғы жыл басынан бері арендалық баспанамен қамтылған азаматтар тұрғын үй кезегінен шығарылып, түгендеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда. көпбалалы отбасылар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, халықтың әлеуметтік әлсіз тобы және бюджеттік ұйым қызметкерлері санаты арқылы баспанамен қамтылған азаматтар тізімнен алынып, тұрғын үй кезегі айтарлықтай алға жылжыды.
Сондай-ақ, Шымкент қаласы әкімдігінің тұрғын үй комиссиясының шешімімен арендалық баспанамен қамтылған азаматтар тізімі басқарманың ресми сайтында жарияланған. Ол үшін мына төмендегі сілтемеге өтіңіз: (https://www.gov.kz/…/shymke…/documents/details/502876…). Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметі республика бойынша kezekte.kz электрондық порталы арқылы іске асады. Аталған электрондық порталдың кезектілік серпіні ашық түрде жүргізіледі. Кез келген қызметті алушы кезекте тұрған, тұрғын үймен қамтылған азаматтар туралы мәліметтерді білуге және өз кезегінің жылжу ретін толық көруге мүмкіндігі бар. Биыл жыл басынан бері түрлі санаттар бойынша кезек реттілігі әр түрлі орналасқан 2700-ден аса азамат кезектен шығарылған. Оның ішінде 168 азамат арендалық бағытта шілде айында тұрғын үй комиссиясының шешімі бойынша тұрғын үймен қамтылғандар. Айта кету керек, кезек реттілігінің тікелей жылжуы арендалық бағытта баспанамен қамтылған азаматтарды кезектен шығару арқылы жүзеге асырылады. Айта кету керек, Шымкентте 659 отбасы тұрғын үй жалдау ақысына субсидия алады. Оның ішінде 2023 жылы 322 отбасының тұрғын үйді жалдау ақысының 50 пайызы мемлекет тарапынан төленіп, субсидияланған. Ал 2022 жылы 337 азаматтың аталған әлеуметтік көмекке жолданған өтінімі мақұлданып, жалпы соммасы 30 155 764, 30 теңгені құрады. Тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасына тұрғын үй кезегінде тұрған І және ІІ топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айрылған балалар, көп балалы отбасылар санатындағы азаматтар қатыса алады. Жалдау ақысын субсидиялауға үміткерлер қатарындағы отбасылардың соңғы 6 айдағы орташа жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда (1) ең төменгі күнкөріс деңгейінен (1 КМ = 40 567 теңге) аспауы тиіс. Субсидия алуға үміткердің депозиттік шоты болуы қажет. Жинақ шоты жоқ азаматтар бейнебанкинг қызметі немесе «Otbasy bank» мобильді қосымшасы арқылы шот аша алады. Қазақстандықтар өз өтінімдерін жылдам әрі кезек күтпей берулері үшін барлық процестер онлайн режимде ұйымдастырылған. Өтінімдер электрондық цифрлық қолтаңба арқылы otbasybank.kz порталында «Жалдау ақысын субсидиялау» бөлімінде беріледі.