ШЫМКЕНТТЕ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

81
0
«Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығында өткен бүгінгі жәрмеңкеге 25 жұмыс беруші мекеме қатыстырылды. Жұмыс іздеуші 100-ге жуық азаматқа 400-ге жуық жұмыс орны ұсынылды.
Бүгінде қала бойынша 18 жастан асқан 33 мыңға жуық мүгедектігі бар азамат тіркелген. Оның ішінде 4115-і бірінші топ, 15 411 және 13351 азамат екінші және үшінші топ мүгедектері. Еңбекке қабілеттілерін жұмыспен қамту мақсатында қалалық «Еңбек мобильділігі» орталығы мен «Тең қоғам» орталығы тұрақты түрде бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырып келеді.
Биыл Шымкентте «2021-2025 жылдарға кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» шеңберінде 1727 мүгедектігі бар адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Қазіргі таңда 1300-ден астам адам қамтылды. Сонымен қатар, қалада 50 мекеме квота бойынша мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа қабылдайды. Қала әкімінің қаулысына сәйкес, биыл бұл мақсатта 227 жұмыс орнына квота белгіленген. Айта кету керек, халықтың әл-ауқатын жақсартуда жұмыспен қамту аса маңызды мәселе. Биыл бұл тұрғыда 57 181 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып отыр. Оның ішінде, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, нақты 22 489 адам қатысты немесе жоспар 67,1% орындалды. Кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде кәсіби білім беру, кәсіпкерлікті дамыту, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқыту, Субсидияланатын жұмыс орындарымен қамту кіреді. Субсидияланатын жұмыс орындары бойынша биыл6 065 адамға жұмыспен қамту шараларын көрсету жоспарланған. Қазіргі таңда нақты – 5 780 адам қамтылды. Сондай-ақ, Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары бойынша 2023 жылға 23 420 жұмыс орыны құрылатыны жоспарлануда. Оның ішінде ұлттық жобалар бойынша 2 377 жұмыс орыны, жеке бастамамен 21 043 құрылатын жұмыс орындары.2023 жылдың 1 шілдесіне 12 480 орын ашылған оның 12 203 – тұрақты жұмыс орындары, 277 – уақытша жұмыс орындары. 2023 жылы Шымкентте 261 азаматқа жастарға арналған жеңілдетілген несие беру жоспарланған. Сенімді өкіл ретінде «Агронесие корпорациясы» АҚ белгіленіп, 2023 жылдың 17 наурызында Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы және «Агронесие корпорациясы» АҚ арасында тапсырма шарты түзілген. Негізінен жеңілдетілген несиені жаңадан кәсіп ашқысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтар ала алады.