ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 8 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ

95
0
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағындағы 390 көшенің қазіргі уақытта 110 көшесі жарықтандырылған. Бекітілген жылдық жоспарға сәйкес, биыл 14 көшені жарықтандыру жұмыстары жүріп жатыр.
Атап айтқанда, Күншығыс шағын ауданындағы ішкі орамдық көшелер, яғни №25, 28 мектеп аумағы, Әбдіразақов көшесі, Ж.Тыныбаев көшесі, Өзбек көшесі, Қалалық жүйке аурулары орталығы, Бөгет көшесі. Ал 16 шағын ауданы бойынша №39 мектеп жанындағы ішкі орам көшесі, М.Мәметова көшесі. Сондай-ақ, Сәуле шағын ауданындағы Күмісті, Наурызым, Тұмарлы, Әблязимов көшесі, Мәделі Қожа және Сасбұқаев көшесі. Айта кетейік, осылардың ішінде биылғы жылдың тамыз айына дейін 8 көшені жарықтандыру жұмыстары толық аяқталды. Олар — Күншығыс шағын ауданындағы ішкі орамдық көше (№25, 28 мектеп аумағы), Әбдразақов көшесі, Өзбек көшесі, Бөгет көшесі, М.Мәметова көшесі, Ж.Тыныбаев көшесі, Қалалық жүйке аурулары орталығы, 16 шағын ауданындағы ішкі орам көшесі. Сонымен қатар, Сәуле шағын ауданындағы көшелерді жарықтандыру жұмыстары жалғасуда. Айта кету керек, шаһардағы Абай ауданында 2021 жылдан бастап мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында әлеуметтік маңызы бар көшелер жарықтандырыла бастады. Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, көшелерге жарықшамдар орнату жұмыстары нәтижелі түрде жүзеге асып келеді. Шаһардағы Абай ауданында 2021 жылдан бастап мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында әлеуметтік маңызы бар көшелер жарықтандырыла бастады. Нәтижесінде 2021 жылы 40 көше, 2022 жылы 28 көшеге жарық шамдар орнатылды. Ал, биыл 50 көшеде жарықтандыру жұмыстарын жүргізу үшін тиісті құжаттар жинақталуда. 2024 жылы құрылыс жұмыстары аяқталған соң, жарықтандырылған көшелер 17 пайызға артатын болады. Айта кетейік, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 2021-2023 жылдары 312 көшені жарықтандыру жоспарланған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үлкен қалаларда тұрғындарға қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруды тапсырған болатын. Осы тапсырманы орынау мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі «Шымкент қаласын жарықтандырудың құрылысын салу, қайта құру және пайдалану» жобасын әзірлеген. Жобаның аясында 2021 жылы Шымкентте 136 көше жарықтандырылды.