«БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАЙЫҚ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

81
0

“Қайнар булақ” БПҰ-на қарасты 83 жалпы орта мектебінде “AMANAT” партиясының “Бақытты отбасы” жобасы аясында “Баланы мектепке дайындайық” қайырымдылық акциясы өтті.

Акцияның негізгі мақсаты — аз қамтылған және көп балалы отбасы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңіне қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу болып табылады.

Шымкент қалалық маслихатының депутаты, фракциясы жетекшісінің орынбасары Балтабаев Талғат Дүйсебайұлы өз үлесін акцияға қосып, 15 оқушыға жаңа оқу жылы қарсаңында мектепке қажетті спорттық форма және спорттық аяқ киімдер тарту етті. Өз кезегінде ата-аналар, оқу жылы қарсаңында балаларын мектепке даярлауға жәрдем беріп жүрген «AMANAT» партиясына өз алғыстарын білдірді.