ПРЕЗИДЕНТ: ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АДАЛ АЗАМАТ ҰҒЫМДАРЫ ЕГІЗ ҚҰНДЫЛЫҚ

81
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бүгін Парламент сессиясының ашылуында дәстүрлі Жолдауын жариялады. «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұлттық экономиканы дамыту, отандық өнімді қолдау, ауылшаруашылығын өркендету, өңдеу өнеркәсібін жетілдіру тақырыптарына басымдық берілді.

Жаңа өнеркәсіп саясаты — Қазақстанның дамуында айрықша рөл атқарады. Осы орайда Мемлекет басшысы ішкі мүмкіндіктерімізге басымдық беріп, отандық шикізатты, тауарлар мен кадрларды пайдалануды ескеріп, халықты өнім өндіруге ынталандыру үшін салық мәселесін қайта қарауды ұсынды.

Сондай-ақ, Президент ауыл-аймақты дамытуда шағын шаруашылықтарды қолдау маңыздылығына тоқталды. «Ауыл аманаты» бағдарламасының маңыздылығын айқындап, жеке қосалқы шаруашылық иелері өзара бірігуіне жағдай жасалу керектігін айтты.

Және партиямыздың «Қарызсыз қоғам» жобасына жоғары баға беріп, бағдарламаның ауқымын кеңейтуді тапсырды

— «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасын ерекше атап өту қажет. Соның арқасында еліміздің 8 аймағында 20 мыңнан астам адам қаржылық сауатын арттырды. Олардың көпшілігі – 10 және одан да көп несие алған адамдар. Бұл жоба аз уақытта өзінің тиімділігін көрсетті. Үкіметке «AMANAT» партиясымен бірлесіп, оның ауқымын кеңейтуді тапсырамын. «Қарызсыз қоғам» жобасының игілігін бүкіл еліміз көруі қажет, — деді Мемлекет басшысы.

Айқын бағыт-бағдар көрсетіліп, нақты тапсырмалар жүктелді. Ендеше жаңа белестерді бағындыруға жетелеп, ортақ мүддеге топтастыратын Жолдаудың жүйелі орындалуы үшін барымызды салайық.

Ж.БЕКТАЕВА,
Мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы