ҰЛТТЫҢ ЖАҢА САПАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕЛІМІЗ ҮШІН АСА МАҢЫЗДЫ

88
0

«Ешкім де сырттан келіп, Қазақстанды көркейтіп жібермейді. Ол үшін еліміздің әрбір азаматы заман талабына сай болуға тиіс. Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру еліміз үшін айрықша маңызды. Әрбір азаматымыз, әсіресе, жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажет. Әркім отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр болса, алынбайтын асу жоқ. Абайдың «Толық адам» ілімінен бастау алатын «Адал азамат» тұжырымдамасының түпкі мәні – осы. Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары егіз құндылық ретінде әрдайым қатар жүруге тиіс. Шын мәнінде, адалдық жоқ жерде ешқашан әділдік болмайды.

Әрбір адам ісі мен сөзі бір жерден шығатын адал азамат болса, әділдік орнайды. Адал азамат және тұғырлы тұлға болудың негізі жас кезден қалыптасады» -деп, Президентіміз бұл жолдауында да жастарымыздан үлкен үмітпен зор болашақ күтетін нықтап айтып кетті.

Мемлекет басшымыздың артқан үміттері мен мол сенімдерін ақтау үшін заман талабына сай білім, ғылым, инновация мен қоса Абай атамыздың «Толық адам» ілімі негізінде ұлттық, рухани тәрбиенің бесігінде тәрбиеленген бәсекеге қабілетті, қазіргі заман талабына сай білімді, әдепті, сабырлы да шыншыл, адал да әділ, тәртіпті, еңбексүйгіш, әрі ұлтжанды қасиеттері мол жастарға білім беруде, тәрбиелеуде 80 жылдық тарихы бар жоғары оқу орымыздың алар орны ерекше деп санаймын.

 

Абылай-хан Дүйсенбекұлы,

PhD  докторант.