БАРША ЖАСТАРДЫҢ БАСЫН БІР АРНАҒА ТОҒЫСТЫРҒАН — ЖАСТАР ІСІ АКАДЕМИЯСЫ

68
0
Жастар ресурстық орталықтары қызметкерлеріне арналған республикалық жастар академиясының 3 күндік оқу семинары аяқталды.
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы атанған Көкшеге қарасты, Зеренді ауданындағы іс-шараға Қазақстанның барлық өңірінен келген 100-ден астам жастар қызметкерлері түрлі тренингтерге қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Іс-шара аясында өткен “Әділетті Қазақстан — адал азамат” атты жиында Ақпараттық және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев, Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Ельдос Рамазанов, “Amanat” партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек те сөз сөйлеп, жастармен пайдалы ақпараттармен бөлісіп, ұсыныстарын тыңдады.
-Биыл “Мемлекеттік жастар саясаты туралы” заң өз күшіне енді. Жастар санаты 35 жасқа дейін ұлғайды. Қазір олардың саны 6 млн-ға өсті. Заңды іске асыру үшін, 7 бағыт және 80 іс-шаралар кешеніне қолжеткізуді көздейтін 2029 жылға дейін арналған Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы қабылданды, — деді Дархан Қыдырәлі. Оқу семинардың соңғы күнінде Open аir және жабылу кеші өтіп, барша қызметкерлерге арнайы сертификаттар табыс етілді. Жүйелі жұмыс күшін әрмен қарай жетілдіру мақсатында өткен оқу семинарын ұйымдастырушыларға алғысымызды жеткіземіз. Жалпы үшінші мегаполисте 14-35 жас аралығында 362 мыңнан астам жас бар. Бұл қала тұрғындарының 32%-ын құрайды. Айта кету керек, жуырда Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жас аналар арасында «Оң көзқарас өмірді өзгертеді» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинарды пихологиялық әдістемелер бойынша адамның жан-жарасын емдейтін коуч, тренер Ботакөз Дүйсенбаева жүргізді. Ол жас аналарға өзін-өзі бағалау, қадір-қасиетін арттыру, өзіне деген сенімділігін нығайту бойынша түрлі кеңестер мен бөлісті.