ТҰРДЫАБАДТА СПОРТ ЖӘНЕ БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ
30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесіне орай Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Тұрдыабад тұрғын алабында кешенді спорт және балалар ойын алаңшасы тұрғындардың игілігіне тапсырылды.
Ашылу салтанатына аудан әкімі Досбол Есілбек қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады. “Халық қатысатын бюджет” жобасы аясында биыл Еңбекші ауданында 29 балалар ойын алаңшасын орнату жоспарланған. Одан бөлек 7 кешенді спорт және балалар ойын алаңшаларын орнатылады. Қазіргі уақытта 20 балалар ойын алаңшасы және 6 кешенді спорт алаңша тұрғындардың игілігіне берілді. Қалған алаңшаларды биылғы жылдың қазан айында тапсыру жоспарда бар. Айта кету керек, «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында қолданысқа берілген шағын алаңшаның құрылыс жұмыстары 2023 жылдың мамыр айында басталған. Жалпы аумағы 0,70 гектарды құрайтын алаңшада футбол, баскетбол ойнауға арналған алаң және заманауи жаттығу элементтері орналасқан. Қаратау ауданында жыл сайын бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріліп келеді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беріп, әр аудан орталықтарында спорт алаңшаларын ашу қажет деген тапсырма берді. «Біз мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, спортты дамыту мақсатында, материалдық базаны жақсарту бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Оның дәлелі ретінде бүгінгідей спорт алаңшасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілгелі тұр. Мұның бәрі балаларымыздың, жастарымыздың спортпен айналысуына, олардың денсаулығының мықты болуына жасалынып жатқан үлкен мүмкіндік», — деді ашылу салтанатында Қаратау ауданының әкімі Рақымберді Мүлкеманов. Еске сала кетейік, биылғы жылы Қаратау ауданы аумағында аталған жоба аясында 12 спорт алаңдары салынбақ. Спорттық нысан құрылысы ауданның «Тұран», «Таскен», «Шапырашты», «Нұртас», «Қызылсу», «Қайтпас», «Нұрсәт» шағынаудандары мен тұрғын алаптарында бой көтеретін болады.