«ЖҰЛДЫЗ» ТҰРҒЫН АЛАБЫН ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

69
0
Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағындағы «Жұлдыз» тұрғын алабының Асубұлақ көшесіне асфальт қабатын төсеу және аяқ жол салу жұмыстары басталып кетті.
Бүгін аталған елді мекен тұрғындарымен аудан әкімі тарапынан кездесу өткізіліп, асфальттау жұмыстарының бірінші қабатын төсеу барысы қадағаланды. «Жұлдыз» тұрғын алабындағы өзекті мәселенің бірі -27 көпқабатты үйге былтырғы жылы орталықтандырылған кәріз құбыры тартылған болатын. Қазіргі уақытта магистралды құбырға тұрғын үйлерді қосу бойынша абоненттеу жұмыстары да қатар жүргізілуде. Айта кетейік, Шымкент қаласы Тұран ауданында 21 елді мекеннің 20-сы сапалы ауыз сумен қамтылса, Құрсай шағын ауданы тіршілік нәрін кестемен тұтынып отыр. Бұл мәселені шешу үшін 2021 жылы Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан құрылыс жұмысы басталған болатын. Аудан әкімдігінің берген мәліметке сәйкес, құрылыс жұмысы осы жылы аяқталып, құрсайлықтар сапалы ауыз суға қол жеткізбек. Сонымен қатар, ауданның ауыз сумен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді деп жоспарланып отыр. Ал, ауданда елді мекендерді сапалы электр қуатымен қамтылуы 99,5 пайызды құрап отыр. Бүгінде Құрсай шағынауданының жаңақұрылыс аумағын сапалы жарық жүйелерін тарту мақсатында жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмысын 2023-2024 жылы жүргізу жоспары бар. Тұран ауданында 2022 жылдың соңында Ақтас, Ақтас-2 және Ақжар, Арғымақ шағынаудандарын газдандыру құрылысы аяқталған болатын. Қазіргі уақытта «ҚазТрансГаз» тарапынан құбырларға сынама жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған шағынаудандарға табиғи газ маусымына дейін беріледі екен. Ал, Айкөл, Құрсай, Жаңаталап шағынаудандарының жаңақұрылыс аумағын газдандыру үшін бүгінде жобалау сметалық құжаттамасы әзірленуде. Жалпы, аудан 2025 жылы көгілдір газбен толық қамтылатын болады.