ТҰРАН АУДАНЫНЫНДА ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛЫП КЕТТІ
Шымкент қаласы Тұран ауданында 544 көп қабатты тұрғын үй бар. Олардың 501-і орталық жылу жүйесіне қосылған. 2023-2024 жылғы жылу маусымына қазіргі уақытта Тұран ауданы бойынша 310 тұрғын үй дайындалып, сығымдау жұмыстарынан өткізілді. Қалған 191 тұрғын үйдің тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, хабарландырулар жасалуда.
Айта кетейік, ҚР Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсанда №211 бұйрығымен бекітілген «Жылу энергиясын пайдалану қағидаларының» 11-тарау, 62 — тармағына сәйкес «Қуатжылуорталық-3» МКК-ы көппәтерлі үйдегі элеватор торабының бірінші фланеціне дейін жылумен қамтамасыз етуге жауапты. «Қуатжылуорталық-3» көпқабатты үйдің жертөлесіне дейін жылу жеткізеді. Ары қарай тұтынушылар өздері жылу жүйелерінің қауіпсіздігін, құбырларды шаю мен қысымын тексеру, сығымдау жұмыстары, жылу қарызын есептеу және оны өтеу жұмыстарын атқаруы қажет. Аудан аумағында көп қабатты тұрғын үйлердің инженерлік жүйелерін күтіп ұстау қызметін 6 сервистік мекеме 152 көп қабатты тұрғын үйге қызметтерін көрсетуде.
Олар — «ЖилСтройСервис» ЖШС (тел: 87752689139), «NUR-D» ЖШС (тел: 87479020097), «KazConstraction Service» ЖШС (тел; 87755108248), «Еркин» ЖК (тел: 87789922183), «Сержан» ЖК (тел: 87751613293), «ТеплоСервис» ЖШС (тел 87026892130). Айта кетуіміз керек, 2023-2024 жылдарға арналған жылу маусымына дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында Қаратау ауданындағы 447 көп қабатты тұрғын үйге «Қуат жылу орталық-3» МКК-ымен бірлесіп сығымдау шаралары атқарылуда. Бекітілген жоспарға сәйкес сығымдау жұмыстарын қазіргі уақытта 8 мекеме жүзеге асыруда. Жалпы Қаратау ауданы аумағындағы көп қабатты үйлерге қызмет көрсететін бұл мекемелерден 12 арнайы бригада тартылған. Қазір аудан аумағындағы 447 көп қабатты тұрғын үйден 235 үйге (52,5%) сығымдау жұмыстары толық орындалды. Қалған 212 көп қабатты тұрғын үй бекітілген жоспарға сәйкес қыркүйек айының 15-іне дейін сығымдау жұмыстарынан өтетін болады. Айта кету керек, Еңбекші ауданына қарасты 283 көпқабатты тұрғын үйдің 175-і орталықтандырылған жылумен қамтылған. 2023-2024 жылдары көпқабатты тұрғын үйлерді қысқы жылу маусымына сапалы және уақытылы дайындау мақсатында аудандық жұмыс штабы құрылған. Сонымен қатар, «Қуат жылу орталық-3» МКК мен бірлескен іс-шаралар жопары бекітілген. Қазіргі таңда аудан аумағындағы 105 (60%) көпқабатты тұрғын үйлерге сығымдау жұмыстары жүргізіліп, дайындық актісі алынды. Сонымен қатар, түсіндіру жұмыстарының нәтижесі бойынша 6 үй тұрғындары сервистік компаниямен келісім-шарт түзді, ал 7 үйдің тұрғындары сервистік компаниямен келісім-шарт түзіуде, 5 үйде сығымдау жұмыстарына дайындық жүргізілуде. Аудан аумағында жалпы саны 61 әлеуметтік нысан орналасқан, оның ішінде орталық жылуға қосылған 16, автономды жылыту қазандығы бар 45 нысан бар. 10 нысанға сығымдау жұмыстары жүргізілген, 6 нысанда сығымдауға дайындық жүргізілуде. Қатты отынымен жылытатын №124 мектепке көмір түсірілді, ал № 67 мектепке бір апта көлемінде түсірілетін болады. Қатты отын қажеттілігі ағымдағы жылдың қысқы жылыту маусымында 4242 тоннаны құрайды.