ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА ПРЕСС- ТУР ӨТТІ
Шымкент қаласы әкімдігінің «Су құбыры және канализация басқармасының ұймдастыруымен Тарифті инвестицияға айырбастау» жаңа тарифтік саясатын іске асыру шеңберінде су құбырларын жөндеу бойынша құрылыс нысанына баспасөз-тур өтті.
Шымкент қаласының су құбыры және кәріз жүйелерін жөндеу мен қайта құру жөніндегі инвестициялық бағдарламардың орындалу мақсатын хабардар ету үшін жоспарланған пресс-турға Шымкент қаласының Ақпараттық коммуникациялық орталығы, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қоғам белсенділері, жауапты мекемелердің басшылары қатысты. Пресс-тур барысында сала мамандары инвестициялық бағдарлама іс-шараларының 2023 жылы орындалуы барысмен таныстырды. Бүгінде Шымкент қаласы халық санының өсуіне және қаланың мөлтек аудандарының кеңеюуіне, жаңа тұрғын алаптардың бой көтеріп, орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылуына байланысты және тұтынушылар санының артуы мен су өткізу жүйелерінің тозуы мен ауыз сумен қамтамасыз етудегі су өткізу қабілетін арттыру үшін желілерді ауыстыру қарастырылған. Халық санының өсуіне және қаланың мөлтек аудандарының кеңеюуіне, жаңа тұрғын алаптардың орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылуына байланысты тұтынушылар санының артуы себепті, ауыз сумен қамтамасыз етудегі су өткізу қабілетін арттыру үшін желілерді ауыстыру қарастырылды. Атап айтсақ, Шымкент қаласы, Азат мөлтек ауданы, Алатау көшесінде д-110 мм ұзындығы 1315 п/м су құбырын ауыстыру жұмыстары мен Жаңаталап елді мекенінде жүргізілген д-200 мм-лік су құбыры арқылы тұтынушыларға суды насос арқылы жіберу тоқтатылып, д-160 мм-лік су құбырына қосу жұмыстары жүргізілген. Ал Нұртас мөлтек ауданы су жүйесіне су қысымын реттегіш орнату жұмыстары мен Нұртас су қабылдау ғимаратында д-273 мм су құбырын д-200 мм су құбырына қайта қосу жұмыстары орындалған. Сонымен қатар, сала мамандары «ЮЖНЫЙ» су құбырының қысымын арттыру үшін сумен жабдықтау жүйелері мен сорғы жабдықтарын жаңғырту; Достық-2 ш/а Алматы тас жолының учаскесіндегі д-160 мм қолданыстағы су құбырына сорғы станциясын орнату; Самал-3 шағын ауданы Казак Ордасы-Алтынжол көше қиылысында қолданыстағы су жүйесіне сорғы станциясын орнату; Қайтпас-2 мөлтек ауданы, Қырғызбай көшесінде сорғы станциясының желілерін өздігінен ағатын орталықтандырылған коллекторға қосып, сорғы станциясы өшіру жұмыстарымен де таныстырып өтті. Бүгінде аталған инвестициялық бағдарламаны іске асыру нәтижесінде су жүйелеріндегі нормативті ысыраптар шығыны 9,08 %-дан 8,9 %-ға дейін төмендеген. Бұл өз кезегінде су жүйелеріндегі аппаттар саны 2022 жылмен салыстырғанда пайыздық көрсеткішпен 20% төмендетіп отыр. Сондай-ақ, су тасымалдау қызметі бойынша тозу деңгейі 4,6 %-дан 4,3 % төмендесе, сарқынды суды бұру қызметі бойынша тозу деңгейі 4,8 %-дан 4,6 % төмендеуіне қол жеткізілді.