ІШКІ ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІН ҚЫСҚА ДАЙЫНДАУ – ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІНДЕ

52
0
Шымкентте қысқы жылыту маусымына дайындық қызу жүріп жатыр. Мәселен, Тұран ауданы аумағында көпқабатты 544 тұрғын үй болса, соның ішінде 501 үй орталық жылу жүйесіне қосылған. Қалған 43 үйде автономды жылыту жүйесі жұмыс істейді.
Бүгінге дейін орталық жүйеге қосылған үйлердің 91 пайызында, яғни, 456 үйде сығымдау жұмыстары атқарылған. Бекітілген жоспарға сәйкес, қалған 45 үйде бұл жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін аяқталады. Аудан аумағында көпқабатты тұрғын үйлердің инженерлік жүйелерін күтіп- ұстау қызметін 6 сервистік мекеме («ЖилСтройСервис» ЖШС, «NUR-D» ЖШС, «KazConstraction Service» ЖШС, «Еркин» ЖК, «Сержан» ЖК, «ТеплоСервис» ЖК) айналысады. Жалпы, 152 көп қабатты үйдің тұрғындары аталған компаниялармен келісімшарт жасасқан. Сондай-ақ, ауданда жылу жүйесінің тозығы жеткен және ақауы бар 20 үй бар. Аудан әкімдігі бұл үйлерді аралап, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ішкі жылу жүйелерін жаңарту мен қысқы маусымға дайындау тұрғындардың міндетіне жататынын ескертіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, 86 көпқабатты тұрғын үй ауласында жиналыс ұйымдастырылып, 64 көпқабатты тұрғын үйдің алдына хабарлама ілінген. «Қуатжылуорталық-3» МКК тарапынан аудан аумағында Ю.Гагарин көшесі, А.Асқаров көшесі, Республика даңғылында жылу құбырларын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде «Армада инжиниринг» ЖШС-і А.Асқаров көшесіндегі 1400 метр және Республика даңғылындағы 436 метр магистралды жылу құбырын ауыстыру жұмыстарын толық аяқтаған. Ал, Ю.Гагарин көшесіндегі жұмыс қыркүйек айының соңында аяқталады. Айта кету керек, үшінші мегаполисте жылу маусымына дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Қазан айында барлық жұмыстар аяқталады.