2023 ЖЫЛЫ ЖАН БАСЫНА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЕСЕБІНЕН 5 000 БАЛАНЫ ҚОСЫМША БІЛІММЕН ҚАМТУ ЖОСПАРЛАНҒАН

115
0
Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығының алаңында өткен брифингте Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева айтты.
«2023 жылы мектеп формасы үшін53 893 балаға бір реттік қаржылай көмек берілді. Қаржылай көмек әр мұқтаж балаға 41 000 теңгеден бөлінді. Аталған көмек, өткен жылмен салыстырғанда 35,2 млн.тг. артқан. Сонымен қатар, әлеуметтік осал топқа жататын отбасынан шыққан 7 241 балаға қала сыртындағы лагерлерге жолдама берілді. Одан бөлек, 9 474 баланы демеушілер есебінен демалды, »-деді Нұргүл Шәмшиева.
2023 жылға жоспарға сәйкес оқушыларды қосымша біліммен қамту көрсеткіші – 85,4% жоспарланған. Белгіленген жоспарға жету үшін 2023 жылы жан басына қаржыландыру есебінен 5 000 баланы қосымша біліммен қамту үшін 516,5 млн.тг. қаржы қаралған.