ШЫМКЕНТ: 8 ЕЛДІ МЕКЕНДІ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Қазір Шымкент қаласында 8 елдімекенді кәріз жүйесімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Канализациялық құбырлар Мирас-Шапағат-2, Асар-2, Тассай, Тұран, Қайтпас-2, Нұртас, 112 орам, Бозарық елдімекендеріне тартылуда.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов Тұран шағынауданының кәріз коллекторының құрылысымен танысып, жұмыс қарқынын қадағалады. Жоба бойынша коллектордың жалпы ұзындығы-20 шақырым. Нысан толық аяқталғанда 131 800 абонент орталықтандырылған жүйе арқылы су бұруға мүмкіндік алады. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың 4-тоқсанында аяқталып, қолданысқа берілетін болады.
Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға ең алдымен сапаны назарға алып, аталған кәріз коллекторының құрылысын өндірістік кестеге сәйкес жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ құрылыс мәдениетін сақтай отырып, тұрғындар тарапынан наразылық тудырмай қазылған орындарды дер кезінде қайта қалпына келтіруді ескертті. Айта кетейік, жыл соңына дейін қалада 6 елді мекенде кәрізбен қамту жұмыстары аяқталып, 60 мыңға жуық адам желіге қосылуға мүмкіндік алады. Осылайша биыл мегаполисте канализациялық желімен қамту көрсеткіші 60% — дан 65% — ға дейін артады. Келесі жылы кәріз құбырларын 12 нысанда жүргізу жоспарлануда. Ал 2025 жылы 10 нысанның құрылысы аяқталып, елдімекендердің 75% -на канализация жүйесі тартылады. Айта кету керек, Шымкентте 81 елді мекеннің 78-і сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда кесте бойынша ауыз сумен тұтынып отырған Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елді мекендерінде құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұдан бөлек, қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 6 нысанда су құбырларын тарту жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр. Олар — Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс аумағы. Ал Құрсай елді мекенінде ұзындығы 336,5 шақырым су құбырының 95%-ы тартылған. Биылғы маусым айында қолданысқа берілетін нысан шағынаудандағы 22 мыңнан астам абонентті сапалы тіршілік нәрімен қамтуға мүмкіндік береді. Қайнарбұлақ елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жалпы ұзындығы 329,8 шақырымды құрайтын ауыз су жүйелері жүргізіледі. Құрылысты «Мелиоратор» ЖШС жүргізіп жатыр. Бүгінге дейін 170 шақырым құбыр тартылып жұмыстың шамамен 55 пайызы орындалды. Мердігер мекеме жыл соңына дейін жұмыстар толық аяқталады. Еңбекші ауданы бойынша Қаратөбе, Қарабастау, Абдулабад, Тоғыс, Жұлдыз, Бадам-1, Жыланбұзған, Айнатас, Базарқақпа тұрғын үй массивтерінде алдағы уақытта ауыз су құбырларына байланысты тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.