ШЫМКЕНТТЕ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КӨРСЕТКІШІ 99% — ҒА ДЕЙІН ӨСТІ

1733
0
Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Рзабек Меңдікұлов айтты.
2023 жылы Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші және жаңа құрылыс аудандарында орналасқан 6 нысанға құрылыс жұмыстары жүргізілді. 2023 жылы 2 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, 4 нысанның құрылыс жұмыстары 2024 жылға өтпелі болып отыр.
Нәтижесінде 2023 жылдың қорытындысымен 2 нысанның құрылысы аяқталып, 37 мыңға жуық адам сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Бүгінде Шымкент қаласы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 98,5% — дан 99% — ға дейін өсіп отыр. Сонымен қатар, қаладағы 81 елді мекеннің 26 елді мекені кәріз жүйесімен қамтамасыз етілсе, 55 шағын аудан кәріз жүйесімен қамтылмаған.
2023 жылы 9 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілді. Жыл қорытындысымен 4 нысанның яғни Тассай, Қайтпас-2, 112 орам, Бозарық 74 га құрылыс жұмыстары аяқталып, 60 мыңға жуық адам кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды. Нәтижесінде қамту көрсеткіші 60%-дан 65%-ға өсті.