ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНІҢ ҚҰСБЕГІЛЕРІ 2 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

2124
0
Өскеменде қазақтың ұлттық өнері құсбегіліктен (бүркіт, қаршыға, ителгі) Қазақстан Республикасының XVII чемпионаты мәресіне жетті. Елішілік сайыста түркістандық құсбегілер жарады. Жалпы облыс намысын 5 спортшы қорғап, 1 алтын, 1 қола медаль иеленді.
Қаршыға бәсекесі бойынша жерлесіміз Ибрагим Базарбаев 1-орын иеленсе, ителгі сайысы бойынша Дәурен Аршабай 3-орынға тұрақтады. Жеңімпаз және жүлдегер спортшылар – облыстық ұлттық спорт түрлері мектебінің шәкірттері.