ҰСТАЗДАРҒА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ ӨТТІ

68
0

Шымкент қаласы Білім басқармасы Әдістемелік орталығының 2022 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 22 қарашасы күні №14 жалпы орта білім беретін мектеп базасында бүгінде дәстүрлі түрде, үшінші рет шығармашыл, ақын мұғалімдер арасында «Жарқ ете қалсам, найзағай болып» атты ақындар мүшәйрасы өткізілді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдебиетке, поэзияға сүйіспеншілігін ояту, шығармашылыққа бейім мұғалімдерді анықтау мақсатында ұйымдастырылған мүшәйраға 25 үміткер қатысты. Мүшәйраның бірінші кезеңіде тақырыпқа сай дайындалған өлеңдер оқылды. Ал, екінші кезеңде мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін сынау мақсатында ұйымдастырушылар тарапынан ұсынылған тақырыптар бойынша өлшеулі уақытта өлең шығару тапсырмасы берілді. Мүшәйраға қатысушылардың жұмысын ереже негізінде белгіленген критерийлермен кәсіби тұрғыда қаламызға белгілі ақиық ақындар әділ бағалады. Поэзия — ең көркем прозаның сапалық ерекшелігін анықтайтын басты белгілердің бірі екені талас туғызбайды. Осы орайда қатысушылардың дода барысында жүрегінен шыққан сөздерінен өрбіген өлең шумақтары туып-өскен жерін құрметтей алатын, ұлттық сана — сезімі қалыптасқан жеке тұлғаны дамытуға жағдай туғызуға ықпал етуді көздегендеріне куә болдық. Жас ақындар мүшәйрасының қорытындысы бойынша «Бас жүлдені» №72 жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімі Е.Ділдәбек,Іорынды №80 ІТ лицей мұғалімі Қ.Боранбай, ІІ орынды №21 жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімі А.Көпбосын мен №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының мұғалімі С.Айдарбекова. ІІІ орынды №137 жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімі Ж.Колхозов, №1 мектеп-гимназиясының мұғалімі А.Абдулхаева мен №135 жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімі Б.Әнуарбекұлы қанжығаларына байлады. Қалалық жас ақындар мүшәйрасының жүлдегерлеріне Әдістемелік орталық тарапынан жүлделі дипломдар мен номинациялар және белсенді қатысқаны үшін орталық директоры, филология ғылымдарының кандидаты М.Медетбекованың «Алғыс хаттары» табысталды.