БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУ: 300-ДЕН АСА АЗАМАТТЫҢ АРЫЗ-ШАҒЫМЫ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

761
0
Кезекті бірыңғай қабылдауда қала әкімі Ғабит Сыздықбеков 50 тұрғынды қабылдап, түрлі салаларға қатысты арыз-шағымдары мен ұсыныстарын қарастырды. Орынбасарлары мен басқарма басшыларына, аудан әкімдеріне 300-ге жуық азамат өзекті мәселелері мен қаланы дамытуда игі бастамаларын жеткізді.
🔷 Жергілікті тұрғындар қоғамдық көлік, жол, тұрғын үй, жер учаскелерін бөлуде туындаған түрлі мәселелерімен қатар, білім, денсаулық салаларына қатысты сұрақтарына жауап алды.
Мемлекеттік қызметшілер әрбір өтінішті егжей-тегжейлі қарап, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік, жұмыспен қамту шаралары бойынша түсіндірмелер жүргізді.
Қала әкімі сала басшыларына тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, өзекті мәселелерді заң шеңберінде шешуді тапсырды.