САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ЖАС БАЛУАНДАРЫ 3 АЛТЫН МЕДАЛЬ ОЛЖАЛАДЫ

1375
0
Алматы облысы, Қарасай ауданында U23, U17 жасқа дейінгі спортшылар арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ҚР чемпионатында Сайрам ауданының спортшылары жеңіс шыңын бағындырды.
Атап айтқанда, U17 жасқа дейінгі әйелдер күресінен Қадыр Ақбота 73 келі салмақта 1 орын, Эламас Зейнеп 69 келі салмақта 1 орынға ие болды. Жаттықтырушысы – А.Орумбасаров. 23 жасқа дейінгі әйелдер күресінен Маркашева Аяжан 55 келі салмақта ІІ орын, Наурызбай Күлдәр 57 келі салмақта 3 орынға ие болды.
Жаттықтырушысы – Б. Шадиев.
Петропавловл қаласында U20, U15 жасқа дейінгі спортшылар арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ҚР чемпионаты өтті. Ол сында да Сайрам ауданының спортшылары сәтті күресті. 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында еркін күрестен Айтуған Нурислам 85 келі салмақта бірінші орынға ие болды. Жаттықтырушысы – Б. Утегенов.