МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ САПАСЫН БАСҚАРУ: СТРАТЕГИЯДАН ПРАКТИКАҒА

576
0

 

25-27 қыркүйекте Түркістан облысында «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасы шеңберінде берілген «943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасын іске асыру мақсатында «Мектептегі білім сапасын басқару: стратегиядан практиға» тақырыбында семинар болып өтті. Оған «Мақсатты мектеп» жобасына енген 162 мектептің басшылары қатысты.

Семинарға Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалымжан Бауыржанұлы Алматов қатысып, мектеп басшыларына «Мақсатты мектеп» жобасының тиімділігі туралы жан-жақты түсіндіріп, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Содан кейін департамент қызметкері Нұрлыбаев Нұржан Мәдірайұлы «Мектеп қызметінің сапасын басқару: сапаны қамтамасыз ету қағидаттары мен әдістері, мониторинг пен бағалауды ұйымдастыру» бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізсе, бас маман Нұртаева Ляззат Шадиманқызы «Мектепішілік бақылаудың міндеттері мен механизмдері» тақырыбында баяндама жасады.

Семинар барысында өзекті мәселелер талқыланып, жоба аясында орындалатын жұмыстар бойынша пікір алмасулар өткізілді. Семинар өз жұмысын сәтті аяқтады.