СУБСИДИЯ МАҚСАТТЫ ПАЙДАЛАНЫЛЫП ЖАТЫР МА?

61
0
Шымкент қаласы бойынша тұрғын үйдің жалдау ақысы субсидияланатын азаматтардың субсидияны мақсатты пайдалануын тексеру үшін басқарма тарапынан мониторинг жұмыстары жүргізілуде.
2022 жылдан бүгінгі таңға дейін 1 769 азаматқа субсидия берілуде. Жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша 256 азаматпен түзілген келісімшарттың күші жойылып, оларға тағайындалған субсидия тоқтатылды. Айта кету керек, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 8 ақпандағы «жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру ережесі» туралы №60 бұйрығына сәйкес, тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау қарастырылған. Тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасына келесі төрт санат бойынша кезекте тұрған қазақстандықтар қатыса алатынын естеріңізге саламыз — 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, көп балалы отбасылар. Айта кету керек, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Шымкентте соңғы жылдарда арнайы бағдарламалар есебінен көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Үкімет қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында 2023 жылы құрылыс басқармасы тарапынан мемлекеттік бюджеттен 312,4 мың шаршы метрді құрайтын 4 090 пәтерлі 98 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған. Бүгінде Тұран ықшам ауданында 18 үй, Бозарық мөлтек ауданында 54 үй, Ақжайық мөлтек ауданында 26 үй салынуда. Өндірістік кестеге сәйкес 67 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып жыл соңына дейін ел игілігіне пайдалануға беріледі. Оның 61-і кредиттік, 6-ы арендалық баспаналар. Бұдан бөлек, жыл қорытындысымен жұмыс істейтін жастарға 900 пәтерді және халықтың әлеумкеттік осал топтарына 505 пәтерді нарықтан сатып алу жоспарлануда.