СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘЖІЛІС ӨТТІ

7
0

Қоғам алға жылжиды. Экономика өркендейді. Әлеуметтің тұрмыстық ахуалы түзеледі. Асылында, елдің даму перспективалары осы бір құндылықтар айналасында құрылады. Бұл тұрғыдан келгенде, еліміз жеткен жетістіктер аз емес. Бүгінде Қазақстанды  жаһан мемлекеттері жақсы таниды. Тіпті, еліміздің экономикасына қыруар қаржы құйып жатқан мемлекеттер де жоқ емес. Әрине, мұның барлығы тиісті деңгейде атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жүзеге асып отыр. Дегенмен мойындауымыз тиіс жайттар да баршылық. Яғни мәселелер толықтай шешімін тапқан жоқ. Бүгінде қоғамның алға жылжуына кедергісін келтіріп отырған өзекті түйіндер баршылық. Олардың қатарына қоғамның қылтамағына айналған сыбайлас жемқорлықты жатқыза аламыз. Бүгінде аталған түйткілдің түйінін ағыту шаралары белсенді қолға алынғанымен, шешімі әзірге табылмай тұр. Мәселен, елімізде аталған бағыттағы қылмыстық құқықбұзушылықтарды реттейтін арнайы заң жобасы бар. Еліміздің барлық өңірінде құзырлы органдар атқарылып жатқан жұмыстарды жіті бақылап отыр. Десе де мұның бәрі әзірге біз күткен нәтижені бере алмай келеді. Сондықтан мемлекеттік қызметшілердің, халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру баса көңіл бөлетін бағытқа айналып отыр. Бұл тұрғыдан келгенде, Түркістан қаласында жүзеге асып келе жатқан жұмыстардың қатары қалың. Бүгінгі материалымызда аталған тақырыпты кеңірек тарқатпақпыз…

Түркістан қаласында Түркістан облысы бойынша Тексеру комиссиясында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті өкілі Тұңғышбаев Ерұлан  Икрамұлының төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша кеңес өткізілді. Ерұлан Икрамұлының баяндамасында Қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері туралы Заңда қамтылған маңызды заңнамалық өзгерістеріне қатысушылардың назарын аударды. Атап айтқанда ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдануға тыйым салынды. Бұл өзгерістің ерекшілігі, біріншіден – мұндай қылмыстарды әлеуметтік осал азаматтардың жекелеген санаттарының жасалуы, екінші өзгерісі – ынтымақтастық туралы процестік келісімнің барлық шарттарын орындаған сотталғандарға қатысты. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандарды бірден қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесіне жіберу мүмкіндігін тоқтату. Бұл арқылы жемқорлардың артықшылықтары жойылды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар үшін сыбайлас жемқорлық үшін жаза күшейтілді. Жиын барысында Ерұлан Тұңғышбаев «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» ТБН-4 жобаларын орындау бойынша түсініктеме берді. Жобалық басқару — бұл, ең алдымен лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін көрсетуде, нақты нәтижелерге қол жеткізуде, сондай-ақ формализмнен алшақтауда көрініс тапқан институционалдық реформалардың маңызды кезеңі екенін атап өтіп, ТБН-4 шеңберінде мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі жұмысын ұйымдастыру сапасын арттыру үшін мүмкіндіктер ашылатынын айтты. Кеңес қорытындысы бойынша Түркістан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Тағаев Нұрлан Кенжеұлы төрағалық етуімен, талқылаудағы басты бағыттар сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу, сыбайлас жемқорлық қылмыс істемеу үшін барлық мүмкін жағдайларды болдырмау, заңды бұзу фактілерінің алдын алу бойынша қажетті шаралар атқарылатынын айтып, Мемлекеттік органдардың қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, кез келген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жолын кесу, қоғамда және ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру бойынша жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, қатысушыларға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері анықталған жағдайда, басшылыққа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірыңғай Колл орталығына (1424 ) дереу хабарлау керектігін ескертті.

Мемлекетіміздің маңызды қызметінің бағыты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болды және болып қала береді. Бүгінде сыбайлас жемқорлық – бұл мемлекеттің тиімді дамуына кедергі келтіретін және өте үлкен әлеуметтік қауіп төндіретін ең маңызды шарттардың бірі. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күрестің құқықтық тетіктерін дамыту қазіргі қоғам мен мемлекет дамуының маңызды және өзекті мәселесіне айналуда. Қазіргі уақытта мемлекет жасаған барлық күш-жігерге қарамастан, сыбайлас жемқорлық елдің ұлттық қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіруде. Бұл қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне нұсқан келтіреді, әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуда елеулі және айқын шығындарға әкеледі. Сондықтан, онымен тиімді күресуге дайындықты әлемдік қоғамдастық мемлекеттің өркениетінің, оның демократиялық құндылықтарды ұсынуының басты көрсеткіші ретінде қарастырады.  Сыбайлас жемқорлық – адам дамуының ең күрделі және қауіпті мәселелерінің бірі. Бұл мемлекеттің егемендігі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіріп қана қоймай, сонымен бірге адамзат өркениетінің негіздеріне нұсқан келтіреді, адамзат өмірінің барлық салаларының қалыпты дамуын бұзады, олардың адамгершілігі мен материалдық әл-ауқатын төмендетеді, сонымен қатар адам өмірі  үшін де, бизнес жүргізу үшін де  ең қауіпті дағдарыстардың бірін – сенім дағдарысын күшейтеді. Сыбайлас жемқорлық тек Қазақстан Республикасында ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемде өзекті мәселе болып табылады.  Сыбайлас жемқорлықтың халықаралық сипатын түсіну, оның трансұлттық болуы бүкіл әлемдік қауымдастықтың қауіпсіздігіне төндіретін қауіпті бейтараптандыру үшін мемлекетаралық деңгейде ғаламдық шараларды қабылдауды талап етеді. Бұл тұрғыдан келгенде, еліміз де бірқатар халықаралық ұйымдармен бірлесіп, тиісті шараларды қолға алып жатыр.