ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЗДАР БАС ҚОСЫП, ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ
Елімізде білім саласын дамытуға айрықша басымдық беріліп келеді. Дегенмен салада орын алып жатқан түрлі кеселді дүниелер де жоқ емес. Оның қатарында саланың дамуына қолбайлау болып отырған сыбайлас жемқорлық мәселесі бар. Жасыратыны жоқ, соңғы жылдар ішінде дәл осы түйткілдің түйінін ағыту мақсатында саланы цифрландыру қолға алынды. Нәтижесінде түрлі схемалармен қара бастың қамы үшін мемлекеттің қаржысын жымқыру деректері азайды. Бірқатар өңірлерде саланы қаржы табу көзіне айналдырғандардың айыбы ашылды. Бүгінде олардың дені темір торға тоғытылған. Қош делік, білім беру ісін ілгерілету мен сыбайлас жемқорлық деректерінің алдын алу мақсатында жүзеге асып келе жатқан жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек. Сәйкесінше, жаңа технологияларды қолданысқа енгізу шаралары да белсенді түрде жүзеге асырыла береді. Осы орайда, бүгінгі материалымызда аталған тақырыпқа тұздық болар тың бастама турасында тарқата баяндамақпыз.
Жуырда Түркістан қаласындағы М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясында маңызды басқосу өтті. «Көрсетілген білім беру қызметін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру» жөніндегі пилоттық жобасын жүзеге асыру қадамдары тақырыбында өткізілген басқосуға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу департаментінің директоры М.Елекеновна, Бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры Е.Илясұлы, «Smart Nation» орталығының маманы Г.Есет және ата-аналар қатысып, тақырыпқа сай мәселені талқылады. Жиналыста Түркістан қалалық білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы Қолдасова күн тәртібімен таныстырып, қойылып отырған тақырыптың маңыздылығын түсіндірді. Ал, Оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу департаментінің директоры М. Елекеновна аталған мәселе бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Пилоттық жоба яғни білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы пилоттық жобаның алгоритмі Шымкент, Тараз және Түркістан қалаларында өткізілетіндігін атап өтті. Бұл бастама саладағы жұмысты жетілдірумен қатар, сыбайлас жемқорлық тәеукелдерін де болдырмайды. Өз кезегінде, ата-аналар тарапынан жарыс сөзге шыққан азаматтар пилоттық жобаны қолдайтындығы жайлы пікірлерін білдірді. Осы тақырыптағы басқосу мемлекеттік және жекеменшік балабақша меңгерушілерінің қатысуымен де өткізілді. Оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу департаментінің директоры М.Елекеновна, Бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры Е.Илясұлы, Smart Nation орталығының маманы Г.Есет балабақша құрылтайшылары мен меңгерушілеріне жоба туралы терең түсінік беріп, Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 1 наурыздағы №53 бұйрығымен таныстырды. Жиналысқа Түркістан қаласындағы балабақшалардың ата-аналары ZOOM платформасы арқылы да қатысқандығын айта кеткен жөн. Пилоттық жобаға дайындық жұмыстары бойынша қалалық білім бөлімі тарапынан тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді. Жиналыс қорытындысы бойынша пилоттық жобаны жүйелеу жұмыстары білім бөлімінің қызметкерлеріне, мемлекеттік және жекеменшік балабақша меңгерушілеріне жүктелді. Жалпы елімізде, оның ішінде Түркістан қаласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың қатары қалың. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл білім берудің барлық деңгейлеріне енгізілген. Сыбайлас жемқорлық – бұл ұйымдасқан қылмыс катализаторы, оның өмір сүру ортасының қажетті бар бөлігі. Бір-бірімен тығыз байланысқан бұл құбылыстар мемлекетке де, қоғамға да өте қауіпті әсіресе жаңа қалыптасып келе жатқан демократия жағдайында коррупция ұятқа қалдыруы мүмкін, мелекеттік қызметтегі адамдардың сеніміне тазалығына күмән туғызады, сенімсіздік оларға ғана емес, жалпы мемлекет беделіне нұқсан келеді, конституциялық құқықтар тапталады, заңдылық принциптері бұзылады, сол себепті еліміздің дамуы, одан әрі өсуі тежеледі. Осының барлығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті заңмен реттеу қажет екенін көрсетеді, жаңа заңдар мен ережелер қабылдау керек. Бұл мәселе қоғам үшін аса қауіпті. Өйткені билік тармақтарында мұндай құқықбұзушылықтарды жасайтын азаматтар болса, заң орындалмай қалады. Қоғам өміріне барынша ықпал жасайтын маңызды шешімдер сыбайластық негізінде қабылданады немесе түрлі үлгідегі «көлеңкелі фигераларға» тәуелді болғандықтан, сыбайластарды жасыру үшін жасалады. Сыбайлас жемқорлықтан келетін тікелей шығындар мемлекеттік бюджеттің табысын азайтады, өндірілетін жалпы ұлттық өнім көлемі жанама түрде азаяды.Сыбайлас жемқорлық көлеңкем экономиканы кеңейтеді, бәсекелестікке кері әсерін тигізеді, себебі «пара» бәсекелестік емес мүмкіндіктер жасайды. Бұл нарықтық қатынастарды бұзады, жалпы экономика тиімділігі төмендейді, есесіне жаңа сыбайлас монополиялар құрған, көбінесе ұйымдасқан қылмыспен байланысы бар экономикалық қатынастар орнайды.Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің нарықтық ойындар ережелерді адал, таза ұстауды қамтамасыз ететін мүмкіндігінің айырады, бұл нарықтық идеяның өзіне сенімсіздік туғызады,«орбитрд судья» қызметін атқаратын мемлекеттің беделін түсіреді.Кең тараған сыбайлас жемқорлық, әділетті жазасын алмаған қылмыскерлермен ауыз жаласқан мемлекеттік қызметкерлерді көргендер арасында шектеп шыққан арсыз келісімнен позиция туғызады.Сыбайлас жемқорлық қоғамдық адамгершілікке де, қауіп төндіреді, себебі азаматтар санасында, әсіресе жас ұрпақтарда, өмірдің жоғары деңгейіне жетудің негізгі әдісі заңға қайшы қызметпен байланысты екен деген терең өнегесіз сенім қалыптасуы мүмкін.Сыбайлас жемқорлық экономикалық субъектілердің шығындарын көбейтеді, бұл тұтыну бағасын және тарифтерді өсіреді.Сыбайлас жемқорлық басқару органдарын ғана бұзып қоймай, әр түрлі корпорациялардың басқару аппаратын да ірітеді.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық ашықтық қағидаттарына қарсы жұмыс істейді. Өйткені жемқорлыққа бейім лауазымды қызметкер мен халықтың мүддесі ешқашан тоғысқан емес. Міне, осындайда лауазымды қызметкер тарапынан заңға томпақ келетін әрекеттер көрініс табады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу аясында мақсат етіп қойған мемлекеттік саясат халықтардың құқық құбылыстарға шыдамсыздықтың көбеюі аталған проблеманы шешуге ықпалын жасауға тырысты. Құқық қорғау органдар және арнайы органдардың функцияларын нақтылауы және бөлінуі,олардың құрылымдарының оптимизациясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке тартылған жұмысшылардың кәсіби өсімін арттыруға ықпал жасады, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы.Құқық қорғау органдары мен арнайы қызметкерлердің алдын алу және профилактикалық шараларды күшейту сыбайлас жемқорлықпен күресуге мүмкіндік берді. Төмен деңгейде сыбайлас жемқорлықтың көрінуі төмендетілді. Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа шыдамсыздық өсімі байқалады. Азаматтық қоғамның институты және қоғамдастық сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетіне көптен енгізіліп жатыр. Сыбайлас жемқорлық ең қауіпті құбылыс ретінде саясат, экономика және әлеуметтік нәтижелерге өте маңызды әсер етуі болғандықтан Қазақстанда төмендетілген динамикаға ие. Сонымен қатар позитивті тенденциялармен бұл бағытта мемлекеттік саясат көптеген шешілмеген проблемалар көрінеді. Бұған дейін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әр түрлі әлеуметтік топтарға олардың құқықтарын, міндеттері мен рәсімдерін нақты жағдайларға, аймақтық, салалық және басқа да сипаттамаларға негізделген қолжетімді және түсінікті жеткізу стандарттары жоқ. Бұған мемлекеттік басқарудың бизнес-процестерін автоматтандырудағы кемшіліктер мен олқылықтар да себеп. Кейбір цифрлық шешімдер сапасыз және жартылай іске асырылуына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады. Көбінесе шенеуніктер «ойдан шығарылған» цифрландыруды пайдалана отырып, сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жалғастыруда, ал азаматтар мен кәсіпкерлер техникалық ақауларға, «цифрланған» мемлекеттік функциялардағы қажетсіз процестерге және басқа да кемшіліктерге байланысты өз мәселелерін шешудің заңсыз жолдарын іздеуге мәжбүр болады» дей келе, салалардағы жұмысты жүйелеуді тапсырған болатын. Бүгінде аталған тапсырма аясында ауқымды шаралар көріліп келеді. Оның ішінде Түркістан қаласында жүзеге асып келе жатқан жұмыстар жайын бұған дейін тарқата баяндаған едік.