ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

25
0

Қазақстан – өзінің бай мәдени мұрасы, әсем табиғаты мен тарихи ескерткіштерімен танымал ел. Соңғы жылдары туризм саласы еліміздің экономикасының маңызды секторларының біріне айналды. Туризмді дамыту – елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, инвестиция тартуға, жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Сондықтан, Қазақстанда туризм саласын дамытуға бағытталған бірқатар шаралар қолға алынуда. Туризм саласының негізі – бұл сапалы инфрақұрылым. Инфрақұрылымды дамыту бойынша төмендегі шаралар жүзеге асырылуда. Әуежайларды, теміржол және автокөлік жолдарын жаңарту арқылы туристердің елге келуін жеңілдету қолға алынған. Бұл – халықаралық рейстердің санын көбейту, жолдардың сапасын арттыру, көлік қызметтерін көрсету деңгейін көтеруге ықпал етеді. Туристік нысандар мен қызмет көрсету сапасын арттыру да басты назарда. Мысалы, қонақ үйлер, демалыс базалары, мұражайлар, ұлттық парктер мен мәдениет орталықтарын жаңғырту. Туристік инфрақұрылымды дамыту арқылы туристердің қызығушылығын арттыру, оларға қолайлы жағдай жасау дамып келеді.

Қазақстанның бай табиғи ресурстарын пайдалану арқылы экологиялық туризмді дамытуға көңіл аударылуда. Табиғи парктер мен қорықтарда турлар ұйымдастыру, экологиялық жобаларды жүзеге асыру бойынша кешенді шаралар қолға алынып жатыр. Қазақстандағы туризм саласын дамыту шаралары – экономиканың әртараптандырылуы, әлеуметтік жағдайдың жақсартылуы, инвестиция тарту және жұмыспен қамту мәселелерін шешу үшін маңызды. Инфрақұрылымды дамыту, туристік өнімдерді әртараптандыру, маркетингтік стратегияларды қолдану, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және мемлекеттік қолдау шаралары арқылы еліміздің туристік әлеуетін толыққанды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазақстан – ашық, қонақжай, әсем табиғаты мен бай мәдени мұрасы бар ел ретінде туристердің назарын аударатын мемлекетке айналады. Бұл тұрғыдан келгенде, еліміздің үшінші мегаполисі Шымкентте жүзеге асып жатқан жұмыстар жетерлік. Осы орайда, жуырда Түркияның Ыстамбұл қаласында Қазақстан Республикасының бас Консулдығының қолдауымен туристік форум-көрме өтті. Бұл шарада Шымкент қаласының туристік мүмкіндіктері түркиялық туристік операторларға кеңінен таныстырылды. Форумға Түркияның 100-ден аса туристік агенттіктері мен сала мамандары (ТУРСАБ) қатысты. Кездесуде екі ел арасындағы туристік ағынды арттыру, жаңа бағыттарды дамыту және ынтымақтастықты нығайту басты тақырып болды. Шымкенттің киелі жерлері, соның ішінде «Ибрагим ата» және «Қарашаш ана» кесенелері ерекше атап өтіліп, осы бағыттағы рухани туризмнің әлеуеті жоғары екені айтылды. Рухани туризмнің бастау алатын маңызды нүктесі ретінде Шымкент ұсынылып, қаладағы туристік маршруттар егжей-тегжейлі көрсетілді. Форум аясында В2В форматында келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде Шымкентке Түркиядан келетін туристер ағынын арттыру мақсатында 5 ірі туристік операторлармен ынтымақтастық орнатылды. Бұл келісімдер екі ел арасындағы туризмнің дамуына және Шымкенттің халықаралық деңгейде танылуына жаңа серпін береді. Алдағы уақытта Шымкент қаласы рухани туризмнің орталығы ретінде шетелдік туристер үшін тартымды орындардың біріне айналмақ. Жалпы Қазақстан — табиғи және мәдени ресурстарға бай ел. Елдің кең байтақ жері, тарихи ескерткіштері, түрлі этностар мен мәдениеттердің өзара байланысы туризм саласын дамыту үшін үлкен әлеуетті қамтиды. Соңғы жылдары Қазақстанда туризмді дамыту мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Қазақстанда туризмді дамытудағы басты бағыттар белгілі. Олардың қатарында экологиялық туризм бар. Яғни Қазақстанның табиғи ресурстарын қорғау және сақтау мақсатында экологиялық туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл – ұлттық парктер мен қорықтарды туристерге қолжетімді ету, экологиялық таза маршруттарды құру. Қазақстанның тарихы мен мәдениетінің байлығын таныту, туристік бағыттарда тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды насихаттау да басты назарда. Түркістан, Алматы, Отырар, Сауран секілді тарихи қалалар туристер үшін тартымды болып табылады. Денсаулықты нығайту мақсатында шипажайлар мен сауықтыру орталықтарын дамыту да қолға алынған. Қазақстанда минералды сулар мен емдік балшықтар бар, оларды пайдаланатын шипажайлар мен демалыс орындары туристердің қызығушылығын арттыруда. Қазақстан халықаралық туристік ұйымдармен, мемлекеттермен және компаниялармен ынтымақтастық орнатып, туризмді дамыту бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруда. Қазақстанның туризм саласын дамыту — елдің экономикалық өсуі мен әлеуметтік жағдайын жақсартуға ықпал ететін стратегиялық бағыт. Экологиялық, мәдени-тарихи, денсаулық және спорттық туризмді дамыту, инфрақұрылымды жаңарту, туристік өнімдерді насихаттау және мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру арқылы Қазақстан әлемдік туристік нарықта бәсекеге қабілетті елге айнала алады. Қазақстанның бай мәдениеті мен табиғаты, қонақжай халқы әлем туристерінің назарын аударуға лайық.

Айта кету керек, Шымкент – Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан, көркем табиғат, ұлттық салт-дәстүр мен мәдени құндылықтар үйлесім тапқан көне қала. Қаланың тарихы екі мың жылдан астам уақытқа созылады және ол тек Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияда да көптеген маңызды оқиғалардың куәсі болды. Ал бүгінгі Шымкент – Қазақстандағы халқының саны бойынша үшінші және ауданы бойынша бірінші қала, елдегі халық саны бойынша екінші агломерацияны құрайды. Қала аумағына іргелес қолжетімді қашықтықта еліміздің ірі табиғи және тарихи орындардың көптеп шоғырлануы, қала аумағында бес жұлдызды қонақ үйлерден бастап, заманауи хостелдердің және түрлі мәзірдегі тамақтану орындарының болуы, қалалық демалыс түрлерінің алуан түрлілігі – оны туристер үшін тартымды туристік дестинация ретінде имиджін қалыптастыруға барлық мүмкіндікті береді. Сонымен қатар, Шымкент инфрақұрылымы дамыған, Қырғызстан мен Өзбекстанды Қазақстанның басқа өңірлерімен байланыстыратын торап болып табылатын ірі қала. Ежелгі және заманауи шығыс салты мен батыс модерні қиылысқан Шымкент қаласында туризмнің дамуына көптеген факторлар жағымды әсер етеді: бұл жылына 300 шуақты күн, табиғи-климаттық аймақтардың сан алуандығы, Ұлы Жібек жолы бағытында ірі тарихи қалаларға (Түркістан, Тараз, Ташкент, Самарқанд және т.б.) жақын орналасуы, түрлі оқиғалы және іскерлік шаралар өткізуге қолайлы жағдайлардың болуы мен Қазақстанның гастрономиялық орталығына айналуы. Қала аумағы мен жақын өңірлерді қоса алғанда туристер үшін белсенді демалыс, зиярат ету, спорттық, сауықтыру, ойын-сауық секілді түрлі бағыттағы маршруттар әзірленіп ұсынылады. Ал «Visit Shymkent» туристік-ақпараттық орталығы туристердің өңірде болу жайлылығын қамтамасыз ету үшін қызмет көрсетуге дайын. Шымкент өзінің осы бәсекелестік басымдықтарын қолдана отырып, бүкіл Оңтүстік өңірі үшін тірек туристік орталыққа айналуда. Қала өз әлеуетін көрсете отырып, туристер ағынын қабылдап, оларға қажетті барлық ақпаратты ұсынып, әрі қарай өзге маршруттарға жол аша алады. Бұдан бөлек, қала өзінің қонақжайлылығымен және әрбір келген туристке деген ыстық ықыласымен ерекшеледі. Мұнда кез-келген турист өзіне қажетті демалыс түрін таңдай алады. Шымкент ежелден-ақ саяхатшылар мен ғалымдардың назарын өзіне аударған. Терең тарихы бар шырайлы Шымкент шаhарының табиғаты мен ауа райы адамдардың өмір сүруіне және саяхаттап келген туристерге де өте қолайлы.Тарихқа, таңғажайып мәдениетке және тамаша табиғи сұлулыққа бай қала келген барлық келушілерге ұмытылмас әсер сыйлайды. 2024 жылдың алғашқы алты айында Шымкентке 252 919 турист келген. Оның 237 163-і қазақстандықтар болса, 15 756-сы шетелдік азаматтар. Қаладағы қонақ үйлер мен отельдер жарты жылда 5,3 миллиард теңгеге қызмет көрсеткен. Шымкент саяхатшылардың жүрегін жылы климатымен, қонақжайлығымен және бай мәдени мұрасымен жаулап алып жатыр. «Шымкент өте керемет қала екен. Мұнда мейірімді адамдар көп және тап-таза. Біз қаланы одан әрі зерттеп, тани бермекпіз», — дейді америкалық отбасы. «Біз көптеген жерді аралап, керемет табиғи көріністерге куә болдық. Тіпті табиғат аясында атқа міндік. Қала көшелерімен жай серуендеп жүріп-ақ көп дүниеге қанықтық», — деді таиландтық саяхатшы. Сондай-ақ келушілер Шымкентте туристер саны жыл сайын артып келе жатқанын, ал қала әр адам басынан кешіруі тиіс ұмытылмас әсер ұсынатынын айтады.