ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСТАР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН БІРГЕ КҮРЕСУГЕ ШАҚЫРАДЫ

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті сұрақтардың бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады.

Осы орайда, қаламызда жоғарыда аталған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ақпараттық үнпарақтар таратылып адам көп шоғырланған жерлерге ілінді.

ЕСке салсақ, өз Жолдауларының бірінде Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін атап өткен болатын. Оның пікірінше, заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керек,-деген еді.

Жастар бұл індетпен қоғам болып күресу керек деген пікірде. Жалпы жемқорлықтың алдын алу үшін шаһарда түрлі кездесулер ұйымдастырылады. Мұндай жобалар сыбайлас жемқорлықты анықтау, ақпараттандыру және онымен күресудегі жастардың маңызды рөліне назар аудара отырып, ақпараттандыруды арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетті ынталандыруға бағытталған. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік институттарға деген сенімге нұқсан келтіретін, экономикалық өсуді тежейтін және адамдардың күнделікті өміріне кері әсерін тигізетін күрделі мәселе болып қала береді.

Мәселен киелі шаһарда қолға алынған «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» іс-шарасы жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке жұмылдыра отырып, диалог алаңы мен білім алу мүмкіндігімен қамтамасыз етті. Оған ірі компаниялардың, ғылыми ортаның және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, сыбайлас жемқорлықпен күрестің проблемалары мен мүмкіндіктерін талқылаған болатын. Панельдік пікірталас қатысушыларға мазмұнды диалог және сыбайлас жемқорлыққа қатысты тақырыптар бойынша сарапшылардан білім алуға мүмкіндік берді.

Айта кетсек, егерде Сіз сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болсаңыз үнпарақта көрсетілген 1424 call орталығына хабарлассаңыз болады.