ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІНЕ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛІП ЖАТЫР

Қарияларды қолдау – қоғамның адамгершілік деңгейін көрсететін маңызды көрсеткіштердің бірі. Үлкен жастағы адамдар – өмірлік тәжірибе, даналық пен мәдени мұраны сақтаушылар, сондықтан оларға қолдау көрсету қоғамның дамуы мен тұрақтылығы үшін аса маңызды. Қазақстанда қарияларды қолдау мақсатында әртүрлі әлеуметтік бағдарламалар мен бастамалар жүзеге асырылуда, олар қариялардың әл-ауқатын арттыруға және олардың қоғамдағы орнын нығайтуға бағытталған. Қарияларға қолдау көрсету – әлеуметтік теңдікті қамтамасыз етудің маңызды құралы. Үлкен жастағы адамдарға көрсетілетін көмектер арқылы біз олардың өмір сапасын жақсартып, қоғамдағы әділеттілікті қамтамасыз ете аламыз. Қариялардың қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы оларға құрмет көрсету – қоғамның өркениет деңгейінің көрсеткіші. Қарияларды қолдау ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға көмектеседі. Қариялар өз өмірлік тәжірибесі мен даналығын жастарға жеткізіп, оларға моральдық-адамгершілік құндылықтарды сіңіреді. Бұл ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығын арттырып, қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Үлкен жастағы адамдардың денсаулығын сақтау – оларды қолдаудың басты бағыттарының бірі. Медициналық көмек пен әлеуметтік қызметтерді көрсету арқылы қариялардың денсаулығын жақсартып, олардың өмір сапасын арттыруға мүмкіндік бар. Әлеуметтік қолдау көрсетудің арқасында қариялар өздерін қауіпсіз әрі қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінеді. Қарияларға медициналық қызметтердің қолжетімділігі – олардың денсаулығын сақтаудың маңызды элементі. Емханалар мен ауруханаларда қарияларға арналған арнайы қызмет көрсету, профилактикалық тексерулер және медициналық көмек көрсету – олардың денсаулығын бақылауда ұстауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әлеуметтік қызмет көрсету арқылы қариялар күнделікті тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Зейнетақы жүйесін жетілдіру қарияларға қолдау көрсетудің маңызды аспектісі болып табылады. Зейнетақы мөлшерін арттыру және оны төлеудің жүйелі түрде жүзеге асырылуы қариялардың материалдық жағдайын жақсартып, олардың өмірін жеңілдетеді. Қазақстанда зейнетақы жүйесін реформалау арқылы қариялардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған қадамдар жасалуда. Қарияларға арналған әлеуметтік орталықтар – олардың белсенді өмір сүруіне мүмкіндік беретін маңызды орындар. Мұндай орталықтарда қариялар өз қатарластарымен кездесіп, бос уақыттарын тиімді өткізіп, әртүрлі шығармашылық, мәдени және спорттық іс-шараларға қатыса алады. Бұл олардың әлеуметтік өмірден тыс қалмауына және қоғамның белсенді мүшесі болуына ықпал етеді. Қарияларға психологиялық қолдау көрсету олардың эмоционалды жағдайын жақсартуға және жалғыздық сезімінен арылуға көмектеседі. Психологтардың көмегі арқылы қариялар өздерін қолдаулы сезініп, қоғамның бір бөлігі екендігін түсінеді. Әсіресе жалғыз тұратын үлкен жастағы адамдар үшін психологиялық қолдау көрсету маңызды. Қарияларды қоғамдық өмірге тарту арқылы олардың қоғамдағы орнын нығайтуға болады. Олар түрлі мәдени іс-шараларға, мерекелерге, қоғамдық кездесулерге қатысу арқылы өздерін белсенді әрі маңызды сезінеді. Бұл олардың әлеуметтік оқшаулануын болдырмауға және өмірлік белсенділігін арттыруға ықпал етеді. Қазақстанда қарияларды қолдау бағытында бірқатар мемлекеттік және қоғамдық бастамалар жүзеге асырылуда. «Ардагерлерге құрмет» бағдарламасы аясында қарияларға медициналық, әлеуметтік және тұрмыстық қызметтер көрсетіліп, олардың өмір сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, түрлі қоғамдық ұйымдар мен қайырымдылық қорлары қарияларға көмек көрсетуді басты міндеттерінің бірі ретінде қарастырады. Зейнетақы реформасы да қариялардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Зейнетақы мөлшерінің артуы және зейнетке шығу жүйесінің оңтайландырылуы қариялардың қаржылық жағдайын жақсартып, олардың материалдық қамтамасыз етілуін нығайтады. Қарияларды қолдау – қоғамның тұрақтылығы мен дамуындағы маңызды қадамдардың бірі. Олардың денсаулығын сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету, зейнетақы жүйесін жетілдіру және қоғамдық өмірге белсенді түрде тарту арқылы біз қариялардың әл-ауқатын арттырып, қоғамдағы орындарын нығайта аламыз. Қарияларға қолдау көрсету – олардың өмірін жақсарту ғана емес, сондай-ақ ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, қоғамның рухани құндылықтарын сақтап қалудың кепілі болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстар Шымкентте сәтті жүзеге асып келеді. Мәселен, «Ізетті зейнеткер» сауықтыру орталығы-зейнеткерлікке шыққан әрбір еңбек ардагеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, денсаулығын нығайтуына, салауатты өмір сүруіне жағдай жасайды және санаторлық қызмет көрсетеді. Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты мекемеден санаторлық қызмет алу үшін ең алдымен шипажай жолдамасына кезекке тұру керек. Geo-shym.kz порталы арқылы үйден шықпай-ақ кезекке тіркелуге және реттілігін бақылап отыруға болады. Сауықтыру кешені бір мезетте 10 күн бойы 70 зейнеткерге санаторлық қызмет көрсетеді және жылына 2000 мыңнан астам еңбек ардагерін қабылдай алады. Жыл басынан бері 25 лег ұйымдастырылып, 1750 зейнеткер сауықтыру емін қабылдады. Демалушылардың қысқа мерзімде емделуі үшін мекемеде толық жағдай жасалған. Ең алдымен зейнеткерлерге ем алу кітапшасы толтырылып, жасы мен денсаулығына байланысты бөлмелерге жайғастырылады. Төрт мезгіл ыстық тағам ұсынылып, уақытылы тамақтануы қадағаланады. Бұдан бөлек, зейнеткерлер үшін денсаулықты қолдау және оңалту бағдарламалары ұсынылады. Физиотерапия, массаж, дене шынықтыру жаттығулары және тыныс алу гимнастикасы, электромагнитті терапия орталығы, сумен емдеу орталығы, ЕДШ, дәрілік шөптер тұнбалары бар. Ал, ЕДШ кабинетінде инверсиялық орындық, жаттығу велосипеді, жүгіру жолы, массаж роликтері, пресске арналған роликтер қарастырылған. Физиотерапия бөлмесінде — электрофорез, вибромассаж, миостимулятор, ингалятор, массаждық орындық, массаждық керует, аяқ массажеры және қолмен жасаж түрлері бар. Сонымен қатар, емделушілерге дәрігердің ем парағы бойынша парафин де тағайындалады. Мұндай қызметтер арқылы зейнеткерлер денсаулығын нығайтып, белсенді өмір салтын сақтай алады. Қартаю процесін жеңілдетуге бағытталған бұл шаралар әрбір азаматты жеке тұлға ретінде қарастырып, оларға қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді. Айта кету керек, бүгінде кәсіп бастап, нәсібін көрем деушілерге арналған мемлекеттік бағдарламалар көп. Сәйкесінше, оның игілігін көріп, кәсіп бастағандардың да қатары қалыңдап келе жатыр. Бұдан мемлекеттің ұтары көп. Өйткені белгілі бір кәсіпті меңгерген жандар өзімен қатар өзгені де жұмыспен қамтып, әлеуметтің әлеуетінің көтерілуіне өлшеусіз үлес қосуда. Бүгінгі материалымызда солардың бірі турасында тарқата жазуды жөн санап отырмыз. Шымкенттік жас кәсіпкер Дінмұхаммед Күмісбек небәрі 22 жасында 10 адамды  жұмыспен қамтып отыр. Мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпкер есік, тапсырыспен баспалдақ және жиһаз дайындайтын шеберхана ашқан. Жұмысшылардың жалақылары істеген жұмыс көлеміне қарай орташа есеппен айына 250 мың теңгеден асады. Кәсіпкердің айлық табысы 2 миллион теңгеге жуық. Іскер жігітке жаңа мүмкіндіктерді ашуда жастарға арналған жеңілдетілген несиенің көмегі тиген. Дінмұхаммед Күмісбек 2,5 пайызбен алған 5 миллион теңгеге қосымша құрал-жабдықтар сатып алып, кәсібін кеңейтіп отыр. Тауарларын әлеуметтік желі парақшасы мен дүкен арқылы сатылымға шығаруда. Қазірдің өзінде тұрақты сатып алушылары бар. Жастарға арналған 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алуға өтінім қабылдау әлі де жалғасуда. Мемлекетік қолдау 21 мен 35 жас аралығындағы азаматтарды қамтиды. Жас кәсіпкерлер 5 миллион теңгеге дейінгі несиені мал шаруашылығы жобалары үшін – 7 жылға дейін, кәсіптің басқа түрлері үшін – 5 жылға дейінгі мерзіммен ала алады. Кепілзат ретінде арнайы техника, жылжымайтын мүлік және жер учаскелері қабылданады. Кепілге қоятын мүлік болмаса, кепіл берушіні тартуға болады. Өтінім беру үшін құжаттарды «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Шымкент қаласындағы филиалына тапсыру қажет.