ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
Шымкентте ауа райының қолайсыздығына байланысты жалпы ұзындығы 891 шақырымды құрайтын 443 магистральды көшеде қар тазалау жұмысы жүргізіліп жатыр. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 163 арнайы техника мен 113 қызметкер жұмылдырылды. Абай ауданында 21 КДМ техникасы, 3 жүк тиегіш, 8 трактор, 21 қызметкер, Әл-Фараби ауданында 18 КДМ техникасы, 6 трактор, 16 қызметкер, Еңбекші ауданында 20 КДМ техникасы, 5 трактор, 7 мини-трактор, 28 қызметкер, Қаратау ауданында 23 КДМ техникасы, 2 жүк тиегіш, 14 трактор, 18 қызметкер, Тұран ауданында 25 КДМ техникасы, 4 трактор, 7 мини-трактор, 30 қызметкер жұмыс істеп жатыр.
Қар тазалау барысында көшелерге және көлік апаты қаупі жоғары аумақтарға инертті материалдар себілді. Қысқы маусымның қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін тазалық жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады. Биыл қысқы маусымға 189 арнайы техника дайындалды. Бұдан бөлек, жол мен тротуарлардың тайғақ болмауын қамтамасыз ету мақсатында 24 800 текше метр құм және 13 200 тонна тұз қоры әзірленді. Тазалық жұмысын тиімді атқару үшін қала тұрғындарынан көлік құралын жол жиегінде қалдырмауды сұраймыз. Жалпы Шымкент қаласы Қазақстанның ең ірі және қарқынды дамып келе жатқан мегаполистерінің бірі. Қаланың тұрғындарының саны жыл сайын артып, әлеуметтік инфрақұрылым дамуда. Осыған байланысты жылу маусымына дайындық жұмыстары қала өмірінің маңызды аспектісіне айналып отыр. Жылу маусымы – тек тұрғындардың жайлылығы ғана емес, олардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ететін маусымдық шаралар кешені. Сондықтан бұл мәселе жыл сайынғы басты назарда. Шымкент қаласында қысқы климаттық жағдайлар күрделі болмаса да, ауа температурасы қыста едәуір төмендейді. Осыған байланысты тұрғын үйлер мен әлеуметтік мекемелерге жылу беру маңызды. Жылу жүйесінің сапалы жұмысы тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартады, қаланың әлеуметтік және білім беру мекемелерінің үздіксіз қызметін қамтамасыз етеді, денсаулық сақтау мекемелеріндегі науқастар үшін қолайлы жағдай жасайды, қала экономикасының тұрақтылығына әсер етеді. Жылу маусымына дайындық кешенді жұмыстарды қажет етеді. Бұл жұмыстар бірнеше негізгі бағытта жүзеге асырылады. Олар — қаладағы жылу магистральдарын және тарату желілерін жаңғырту, жылу қазандықтарын тексеру және жөндеу, ыстық су жүйелерін техникалық дайындықтан өткізу, пәтер иелері кооперативтері мен басқарушы компаниялар арқылы тұрғын үйлердің ішкі жылу жүйелерін тексеру, оқшаулау жұмыстарын жүргізу және жылыту қондырғыларын жаңарту, мектептер, ауруханалар және балабақшалар сияқты әлеуметтік нысандарды жылыту маусымына дайындау, жылыту жүйелері мен қосымша жылу көздерін орнату, энергия үнемдеу шараларын енгізу, тұрғындар арасында энергия тиімділігі туралы ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізу. 2023 жылы Шымкент қаласының әкімдігі мен жауапты мекемелер жылу маусымына дайындық жұмыстарын ерекше қарқынмен жүргізуде. Қаланың коммуналдық қызметтері келесі нәтижелерге қол жеткізді. Қаладағы жылу магистральдарының 85%-ы жаңғыртылды. Қосымша 10 қазандық іске қосылды. 500-ден астам көпқабатты тұрғын үйдің ішкі жылыту жүйелері тексерілді. Әлеуметтік нысандардың 95%-ы дайындық сертификаттарын алды. Жылу маусымына дайындық барысында кейбір қиындықтар туындауы мүмкін. Жылу жүйелерін жаңарту үлкен қаржылық ресурстарды талап етеді. Бұл мәселені шешу үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламалары тиімді. Қаладағы кейбір аудандарда жылу жүйелері тозған. Инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары кезең-кезеңмен жүзеге асырылуда. Энергия үнемдеу шаралары туралы тұрғындарға жеткілікті ақпарат берілмеуі мүмкін. Бұл мәселені шешу үшін арнайы ақпараттық науқандар ұйымдастырылады. Шымкент қаласының әкімдігі жылу жүйесін жетілдіру бойынша келесі жоспарларды қолға алуды жоспарлап отыр — жылу жүйелерін басқару процесін автоматтандыру, смарт технологияларды енгізу арқылы ресурстарды үнемдеу, қала инфрақұрылымына күн және жел энергиясын енгізу, қосымша энергия көздерін дамыту, тұрғындардың жылу маусымына дайындыққа белсенді қатысуын қамтамасыз ету, қоғамдық тыңдаулар мен пікірталастар ұйымдастыру. Шымкент қаласындағы жылу маусымына дайындық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл бағыттағы шаралар қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға, әлеуметтік мекемелердің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және жалпы қаланың экономикалық дамуына ықпал етеді. Осы жұмыстарды одан әрі жетілдіру арқылы Шымкент Қазақстанның ең жайлы қалаларының біріне айналатынына сенім мол. Айта кетейік, Шымкент қаласы Тұран ауданында 544 көп қабатты тұрғын үй бар. Олардың 501-і орталық жылу жүйесіне қосылған. 2023-2024 жылғы жылу маусымына Тұран ауданы бойынша 310 тұрғын үй дайындалып, сығымдау жұмыстарынан өткізілді. Қалған 191 тұрғын үйдің тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, хабарландырулар жасалуда. Айта кетейік, ҚР Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсанда №211 бұйрығымен бекітілген «Жылу энергиясын пайдалану қағидаларының» 11-тарау, 62 — тармағына сәйкес «Қуатжылуорталық-3» МКК-ы көппәтерлі үйдегі элеватор торабының бірінші фланеціне дейін жылумен қамтамасыз етуге жауапты. «Қуатжылуорталық-3» көпқабатты үйдің жертөлесіне дейін жылу жеткізеді. Ары қарай тұтынушылар өздері жылу жүйелерінің қауіпсіздігін, құбырларды шаю мен қысымын тексеру, сығымдау жұмыстары, жылу қарызын есептеу және оны өтеу жұмыстарын атқаруы қажет. Аудан аумағында көп қабатты тұрғын үйлердің инженерлік жүйелерін күтіп ұстау қызметін 6 сервистік мекеме 152 көп қабатты тұрғын үйге қызметтерін көрсетуде. Олар — «ЖилСтройСервис» ЖШС (тел: 87752689139), «NUR-D» ЖШС (тел: 87479020097), «KazConstraction Service» ЖШС (тел; 87755108248), «Еркин» ЖК (тел: 87789922183), «Сержан» ЖК (тел: 87751613293), «ТеплоСервис» ЖШС (тел 87026892130). 2023-2024 жылдарға арналған жылу маусымына дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында Қаратау ауданындағы 447 көп қабатты тұрғын үйге «Қуат жылу орталық-3» МКК-ымен бірлесіп сығымдау шаралары атқарылуда. Бекітілген жоспарға сәйкес сығымдау жұмыстарын қазіргі уақытта 8 мекеме жүзеге асыруда. Жалпы Қаратау ауданы аумағындағы көп қабатты үйлерге қызмет көрсететін бұл мекемелерден 12 арнайы бригада тартылған. Қазір аудан аумағындағы 447 көп қабатты тұрғын үйден 235 үйге (52,5%) сығымдау жұмыстары толық орындалды. Қалған 212 көп қабатты тұрғын үй бекітілген жоспарға сәйкес қыркүйек айының 15-іне дейін сығымдау жұмыстарынан өтетін болады. Айта кету керек, Еңбекші ауданына қарасты 283 көпқабатты тұрғын үйдің 175-і орталықтандырылған жылумен қамтылған. 2023-2024 жылдары көпқабатты тұрғын үйлерді қысқы жылу маусымына сапалы және уақытылы дайындау мақсатында аудандық жұмыс штабы құрылған. Сонымен қатар, «Қуат жылу орталық-3» МКК мен бірлескен іс-шаралар жопары бекітілген. Қазіргі таңда аудан аумағындағы 105 (60%) көпқабатты тұрғын үйлерге сығымдау жұмыстары жүргізіліп, дайындық актісі алынды. Сонымен қатар, түсіндіру жұмыстарының нәтижесі бойынша 6 үй тұрғындары сервистік компаниямен келісім-шарт түзді, ал 7 үйдің тұрғындары сервистік компаниямен келісім-шарт түзіуде, 5 үйде сығымдау жұмыстарына дайындық жүргізілуде. Аудан аумағында жалпы саны 61 әлеуметтік нысан орналасқан, оның ішінде орталық жылуға қосылған 16, автономды жылыту қазандығы бар 45 нысан бар. 10 нысанға сығымдау жұмыстары жүргізілген, 6 нысанда сығымдауға дайындық жүргізілуде. Қатты отынымен жылытатын №124 мектепке көмір түсірілді, ал № 67 мектепке бір апта көлемінде түсірілетін болады. Қатты отын қажеттілігі ағымдағы жылдың қысқы жылыту маусымында 4242 тоннаны құрайды. Шымкент қаласының қысқы маусымға дайындығы күшейтіліп, биылғы жылы қар тазалау жұмыстарына 189 арнайы техника жұмылдырылмақ. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 34 техникаға көп. 2023 жылы 155 техника қатысса, биыл олардың саны арттырылып, қаланың барлық аудандарында тиімді тазалау ұйымдастырылмақ. Сонымен қатар, орталық көшелерді қардан тазалауға мердігер ұйымдардың 2000-ға жуық қызметкері де атсалысады. Мегаполисте жалпы ұзындығы 891 шақырымды қамтитын 443 магистральдық көше бар. Бұл көшелерді тазалауды мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында бес мердігер ұйым жүзеге асырады. Алдағы қыс мезгілінде қаланың бес ауданында қар тазалау жұмыстары бірнеше ауысымда жүргізілетін болады. Аудандар бойынша қар тазалау жоспарлары бекітілді. Тарқатсақ, Абай ауданында тазалау жұмыстары сегіз бағыт бойынша жүргізіледі. Жалпы ұзындығы 357,2 шақырымды құрайтын 80 магистральдық көшені қардан тазарту үшін 37 арнайы техника жұмылдырылады. Әл-Фараби ауданында тазалау бес бағытта ұйымдастырылып, жалпы ұзындығы 147,4 шақырым 109 магистральдық көшені тазалауға 39 техника тартылады. Еңбекші ауданында тазалау бес бағытта жүзеге асып, жалпы ұзындығы 221,6 шақырымдық 83 магистральдық көшеге 38 техника жұмылдырылмақ. Тұран ауданында жұмыс алты бағыт бойынша ұйымдастырылады, 203,3 шақырымдық 111 көшені тазалауға 36 арнайы техника қатысады. Қаратау ауданында қар тазалау бес бағытта жүргізіліп, жалпы ұзындығы 181,1 шақырым болатын 83 көшені тазартуға 39 арнайы техника жұмылдырылады. Қыс мезгілінде қарды шығару үшін аудан әкімдіктерімен бірлесе арнайы бос алаңдар белгіленіп отыр. Қаланың жолдары мен тротуарларын мұздан қауіпсіз ету мақсатында қажетті инертті материалдар қоры әзірленді. Шамамен 24 800 текше метр құм мен 13 200 тонна тұз дайындалды. Биыл инертті материалдар қосымша келісімшарт негізінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында сатып алынған.