Бергей Рысқалиевқа іздеу жарияланды

296
0

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтың еліміздегі құқық қорғау оргадарының қолдарынан сытылып, шетелге «қашып» кеткенінен хабарымыз бар. Енді келіп, іздеу жарияланды. Егер табылып жатса, елге жеткізер, табылмаса, сыртынан соттай салуы мүмкін. Онда да 10 жылға.

Атырау қаласының №2 сотына Рысқалиев Бергей Сәуленұлына қатысты қамауға алу және бұлтартпау шарасын қолдану жөнінде ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті тергеу тобының басшысы Т.Хасановтан қолдаухат келіп түскен соң, осындай шешім қабылданды. Оған ҚР Қылмыстық Кодекстің екі бабы бойынша айып тағылыпты. Мемлекеттің миллиондаған қаржысын қолды еткен экс — әкім өзіне қарсы әрекет басталғанда-ақ табанын жалтарып үлгерген. Бұндай жағдай біздің елде қалыптасып қалғаны қашан. Қашақ шенеуніктердің өзі де шетелде бір қауым ел болып қалғанын шамалаймыз. Қажыгелдин, Әлиев, Храпунов, Мешімбаева, Әблязов, Рысқалиев…
Солар қайда жүрсе де, жердің тесігіне кіріп кетпеген болар? Аяқтарын алшаң басып, кекірік атып жүргендері анық.

«Уақыт»