ҚАЗАҚСТАНДА ПОЙЫЗ БИЛЕТТЕРІ ҚЫМБАТТАЙДЫ

ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Келбуғанов 19 ақпанда Орталық коммуникациялар қызметіне өткен брифинг барысында пойыз билеттерінің қымбаттайтынын мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстан бойынша бүгіндері 2 672 жолаушылар пойызы қатынайды.

«Егер екі жыл бұрын біз 118 вагон сатып алсақ, өткен жылы 143 вагон сатып алғанбыз, ал биыл 226 вагон жеткізілді, олар ең сұранысқа ие бағыттарда қатынайтын болады», деп толықтырды өз сөзін ол.

 

Оның айтуынша, биыл Қарағанды мен Астана, сондай-ақ Ерейментау-Астана арасында екі электр пойызын жолға шығару жоспарлануда.

«1 наурыздан бастап инфляцияға қатысты индексация жасалып, пойыз билеттері қымбаттайды. Бұл жыл сайынғы шара. Былтыр инфляция 20%-дан асып түскен кездің өзінде бізде билеттер 7%-ға ғана қымбаттады. Биыл да баға осы көлемде ғана өседі», – деді комитет өкілі.