ӨЗБЕКСТАНДА АЛТЫННЫҢ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАП ЖАТЫР

38
0

Өзбекстан банктеріндегі алтын құймалардың бағасы қымбаттап, бұған дейін тіркелген тарихи көрсеткіштен асып түсті. 

Өзбекстан Орталық банкінің дерегіне сай, жыл басынан бері алтынның құны 11,1%-ға қымбаттады. Қазір салмағы 5 грамм болатын алтын құйма 6,32 млн сумға (шамамен 245 113 теңге) бағаланып отыр.

Сонымен қатар, 50 грамдық құйманың құны — 63,23 млн (2,4 млн теңге), ал 100 грамм қымбат металдың бағасы 126,46 млн сумға (4,9 млн теңге) дейін қымбаттады. Халықаралық нарықта алтынның бір граммы 94,53 долларға саудаланып жатыр.