ТӨЛЕБИДЕ ИНВЕСТОРЛАРДЫ ТАРТУ БАҒЫТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

26
0
Түркістан облысында Мемлекет басшысының инвестиция тарту бағытындағы тапсырмасына байланысты қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Осыған орай Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов Қытай инвесторларымен кездесті.
Басқосуда аудан әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, туризм саласындағы әлеуетін баяндады. Сонымен қоса, инвесторлар Түркістан облысында бірқатар маңызды жоспарлардың жүзеге асып жатқанын айтып, инвестициялық жобаларымен таныстырды.
Қазіргі таңда инвесторлар Түркістан облысында аквапарк пен бес жұлдызды қонақүй құрылысын жүргізуді қолға алуда.
Вэйнань қаласының инвесторлары Түркістанға инвестиция салуға қызығушылық танытуда. Осыған орай Қытайдың «Вэйнань қаласының Қазақстандағы инвестициялық сауда қауымдастығы» құрылды. Бүгінгі таңда облыс аумағында бейнебақылау камераларын шығаратын зауыт салу жоспарланып отыр.
✔️Жүздесуде пилоттық жоба ретінде бірқатар ұсыныстар айтылып, аудан әкімі инвесторларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.