СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

39
0
Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасымен Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінде заңдылықты және тәртіпті сақтау мәселелеріне арналған арнайы жиын өтті. Жиынның басты мақсаты – жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын нығайту, парасаттылықты қалыптастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді шараларды қабылдамаудың салдары мен бірінші басшылардың жауапкершілігіне айрықша назар аударылды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Департаменттің ұсынысы бойынша, «Integrity Check» бағдарламасын тұрақты түрде өткізу ұсынылды. Бұл бағдарлама ашық әрі адал жұмыс ортасын қалыптастыруға бағытталған.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу туралы да ақпарат берілді. Ал жиын соңында қатысушыларға бейнемазмұн көрсетіліп, Агенттіктің 1424 Call-орталығының жұмысы туралы түсіндірмелер жасалды.
Бұл шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығын арттыру және әскери қызметкерлер арасында адалдық пен парасаттылықты насихаттау бағытындағы маңызды қадам болып табылады.