Ұлыстың ұлы күні- ұлағаттылық бастауы

376
0

Белгілі  этнограф  марқұм Жағда Бабалық: «Өзіміз  бала күні  көрген  наурыз  ерекше   болатын. Ондайда  көпшілік  ұлыстың ұлы күні  басталмай тұрып-ақ, бір-бірін құттықтай бастайтын. Сондайда  айтылған  тілек-батада  есеп  болмайды. Бұл — өзінше  бір ғажап  дәстүр! Одан да кереметі — бір-бірін ренжіткендер болса, осы күні  кешірім сұрасып, қауышып  жатады. Қалай  болғанда, шамасы келгендер  ескі жылдың  өкпе-назын,  базына-қарызын жаңа жылға  қалдырмайды. Соның  бәрі наурыз  көже  қойылған  ақ  дастархан  басында бір демде  ұмытылып, қалың халық мәре-сәре болады да жатады»,- деп жыл басы — Наурыз  мерекесінің  елге  тигізер игі  ықыласын тебірене  еске алған. Алға  тартып отырған  осы естелік  ұлыстың ұлы күні ұлтымыздың  айрықша  әспеттер ұлық  күні   болғандығын  айқындап тұр деп санаймыз. Қызыл сөзге  дес бермеген   халқымыздың   «Ырыс алды  — ынтымақ», «Бірлік түбі-тірлік»,   «Аузы бірді жау алмас», «Бөлінгенді  бөрі жейді», «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», «Жаяудың шаңы, жалғыздың  үні шықпас» дегендей  мақалдарды дәл осы ұлыстың   ұлы  күнінде  дүниеге  келсе керек. Өйткені, ертеде  өткен   дана   бабаларымыз   ынтымақсыз іс бітпейтіндігін  осындай  оңтайлы  сәттерде  ел-жұртқа  ұғындырып  отырған.
Иә, ынтымақ деген  асыл  қасиет біздің  басты  байлығымыз. Осы себептен  де  хакім Абай:
«Бірің қазақ, бірің дос,
Көрмесең істің бәрі бос», -деген-ді.Ендеше, абыз   бабалардан  қалған  аманат сөздерге  құлақ  түріп жүрелік.

Б.ЕЛУБАЙҰЛЫ.