КЕҢ ЖОЛАҚТЫ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгінде Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы мен «КаР-Тел» ЖШС арасындағы меморандум аясында Тельман және Қатын көпір шағын ауданына кең жолақты интернет желісі жүргізілуде.
Басты мақсаты — қаланың цифрлық инфрақұрылымын дамыту және тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді қолжетімді ету.
Жалпы «КаР-Тел» ЖШС ұялы байланыс, интернет, деректерді беру, халықаралық және қалааралық байланыс қызметтерін ұсынады.Ол 2008 жылы Beeline Қазақстанда GSM 1800 стандарты бойынша сотовы байланыс қызметін ұсынуға ресми рұқсат алған алғашқы компания болды.