ҚАЗАҚСТАНДА КӘСІПКЕРЛЕР НЕСИЕ АЛҒАНДЫ ТОҚТАТТЫ, АЛ ЖАЛПЫ ХАЛЫҚ КӨБІРЕК АЛА БАСТАДЫ

Қазақстанда тұтынушы несиесін алатындар артып келеді. Бұл туралы сарапшы Ұлттық банктің мәліметтеріне талдау отырып хабарлады.
2024 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша, Ұлттық банктің дерегіне сәйкес, жалпы несие портфелі 36,6 трлн теңгені құрады. Экономикадағы жалпы несие көлемі 1,6%-ға өскен.
Сонымен қатар, бизнеске берілетін несиелер жыл басынан бері 0,3%-ға азайса, халыққа берілетін несиелер керісінше 4,4%-ға өскен. Қазір ипотекалық несиелер халыққа берілген несиелердің 28,4%-ын құрайды.
Tengenomika Telegram-арнасының авторының айтуынша, ірі бизнес 643 млрд теңге несие алған, ал шағын бизнес 878 млрд теңге жоғалтқан.
«Қазір өсіп жатқаня – тек тұтынушылық сегмент. Шағын бизнес іс жүзінде тоқтап тұр. Тұтынушылық несиелеу өзге бағыттарды ығыстырып барады», – дейді сарапшы.
Оның айтуынша, несиелеудің артуы тұтынушы сұранысының айтарлықтай артқанын білдіреді. Әсіресе бұл – тұтынушылық несиелер сегментінде айқын байқалады. Алайда халықтың нақты табысы айтарлықтай өсіп жатпаған жағдайда, тұтынушылық несиелеудің қарқынды өсуі экономиканың қаржылық тұрақтылығына қауіп төндіруі мүмкін.