ЖУУ ЖӘНЕ СЫРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГIЗУ КЕЗІНДЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТӘРТIБI

Жуу және сырлау үй-жайларын көп қабатты ғимараттардың жертөлелерiнде, астыңғы және бiрiншi қабаттарында орналастыруға болмайды.

Жуу және сырлау цехтарының, сондай-ақ бояу дайындайтын бөлiмшелердiң еденi жанбайтын, электр сымды, тұрақты және ұшқын шығармайтын, ерiтiндiлерге төзiмдi етiп орындалады.

Жуу және сырлау цехтарының қабырғаларының ішкі қабаты кемiнде 2 метр және тазалануы оңай, жанбайтын материалдармен қапталған болуы қажет.

Жуу және сырлау цехтарының, лакпен сырлау зертханаларының және бояу дайындайтын бөлiмшелердiң үй-жайлары дербес механикалық үрлеу-сору желдеткiшiмен және нүктелiк сору-бояу камераларымен, малу ванналарымен, құю қондырғыларымен, қолмен бояу бекеттерiмен, кептiру камераларымен жабдықталады. Көрсетілген үй-жайларда жарылыс қауiптi концентрациялардың пайда болуының алдын алуға арналған автоматты газ талдағыш орнатылады.

Жуу және сырлау цехтарының және бояу дайындайтын бөлiмшелердiң жылу беру аспаптарының бетi тегiс болуы және 95о С артық қыздырмау қажет, қырлы радиаторларды қолдануға болмайды.

ЭОҚ сәйкес, Жуу және сырлау цехтарының, лакпен сырлау зертханаларының және бояу дайындайтын бөлiмшелердiң электр жабдықтары мен шырақтарын тек жарылыстан қорғалған күйде ғана пайдалануға болады.

лектрлiк iске қосатын қондырғылар, түймелi электр магниттiк жiбергiштер жуу және сырлау үй-жайларынан тыс орнатылады.

Жуу және сырлау цехтарында гидравликалық iлмектi тұндырғыштармен немесе тұзақтармен жабдықталған өртке қауіпсіз су бұру жүйесі көзделеді. Соңғысы жүйелi түрде бояу қалдықтарынан тазаланып тұрады.

Жуу және сырлау цехтары мен бояу дайындайтын бөлiмшелердiң жылжымалы технологиялық құралдары (сатылар, басқыштар, тақтайлар, арбалар) соққы және үйкелiс кезiнде ұшқын шығудың алдын алатын қорғаныс қондырғысымен жабдықталады.

Жуу және сырлау цехтарының және бояу дайындайтын бөлiмшелердiң және лакпен бояу зертханаларының үй-жайлары үнемi таза әрi реттелген күйде ұсталады. Үй-жайларды, жабдық пен жұмыс орындарын жинау ауысымына кемiнде бiр рет ылғалды тәсiлмен жүргiзiледi.

Төгiлген лак, бояу материалдары және ерiткiштер ағаш үгiндiсi мен судың көмегiмен дереу жинап алынады.

дендер мен қабырғаларды, жабдықты жуу техникалық өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн сұйықтықтармен жүзеге асырылады. Бұл мақсатта өрт қаупi бар органикалық ерiткiштердi пайдалануға болмайды. Сүрткіш материалдар пайдаланылып болғаннан кейiн жабылатын арнайы металл жәшiктерге салынып, ауысым соңында белгiленген орынға шығарылады.

Лак, бояу материалдарынан босаған бос ыдыстар цехтан шығарылып, қақпағы тығыз жабылып, арнайы белгiленген алаңдарға жиналады.

Жуу және сырлау үдерiсiнде статикалық электр зарядын сөндiру үшiн барлық техникалық жабдықтар, бояу бүрiккiштер, ерiткiштер мен лак, бояуларға арналған құбырлар (иiлгiш шлангілер), сондай-ақ сырланатын және жуылатын жеке тораптар, бөлшектер мен басқа да бұйымдар жерге тұйықталады.